https://sputnik.kz/20240925/endi-rolde-bir-taulikte-9-sagattan-kop-otyrgan-zhurgizushilerge-ayyppul-salynady-47344537.html
Енді рөлде бір тәулікте 9 сағаттан көп отырған жүргізушілерге айыппұл салынады
Енді рөлде бір тәулікте 9 сағаттан көп отырған жүргізушілерге айыппұл салынады
Sputnik Қазақстан
Қауіпті жүктерді тасымалдайтын, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары тахограф орнатуға міндеттеледі 25.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-25T18:00+0500
2024-09-25T18:00+0500
2024-09-25T18:00+0500
әкімшілік айыппұл
https://sputnik.kz/img/1139/50/11395035_0:164:3057:1884_1920x0_80_0_0_8c6efbea2f32f7d286b34c2e2d754a73.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Көлік министрлігі автобустар мен жүк көліктері жүргізушілерінің демалыс режимін қаншалықты сақтап жүргенін тексеруге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.Қазіргі ережеге сәйкес, бір тәуліктің ішінде көлікті басқару ұзақтығы 9 сағаттан аспауы қажет. Ал көлікті төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін кемінде 45 минут үзіліс жасалуы шарт. Бұның барлығын тахограф тіркеп отырады.Тексеріс шаралары 9 қазанға дейін жалғасады. Акция басталғалы бері жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы 218 хаттама рәсімделді.Тахографты орнатуға міндетті көлік құралдары:Айппұлдың көлемі:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1139/50/11395035_163:0:2894:2048_1920x0_80_0_0_11991bfbecf74702935de5916a8e57f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкімшілік айыппұл
Енді рөлде бір тәулікте 9 сағаттан көп отырған жүргізушілерге айыппұл салынады
Қауіпті жүктерді тасымалдайтын, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары тахограф орнатуға міндеттеледі
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Көлік министрлігі автобустар мен жүк көліктері жүргізушілерінің демалыс режимін қаншалықты сақтап жүргенін тексеруге кірісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі ережеге сәйкес, бір тәуліктің ішінде көлікті басқару ұзақтығы 9 сағаттан аспауы қажет. Ал көлікті төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін кемінде 45 минут үзіліс жасалуы шарт. Бұның барлығын тахограф тіркеп отырады.
"Тахограф – бұл жүргізушінің еңбек және демалыс режимін, қозғалыс жылдамдығын, жүріп өткен жолын үздіксіз тіркейтін сандық құрылғы. Қалааралық және халықаралық тасымал барысында жүргізушінің режимді сақтамай, шаршауы немесе рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асыруы жол апатына басты себеп болып жатады. Ал тахограф жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді көліктік бақылау комитетінің бас сарапшысы Күнайым Кәмиева.
Тексеріс шаралары 9 қазанға дейін жалғасады. Акция басталғалы бері жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы 218 хаттама рәсімделді.
Тахографты орнатуға міндетті көлік құралдары:
қауіпті жүктерді тасымалдайтындар;
жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдаумен айналысатындар.
тасымалдаушы компанияға - 10 АЕК-тен 50 АЕК (36 920 - 184 600 тг);
көлік жүргізушілеріне - 10 АЕК (36 920 тг).