https://sputnik.kz/20240925/biyl-sharualarga-11-mlrd-tekshe-metr-su-berildi-47338351.html
Биыл шаруаларға 11 млрд текше метр су берілді
Биыл шаруаларға 11 млрд текше метр су берілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Биыл еліміздегі су қоймаларына барынша көп көлемде су жіберілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми... 25.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-25T13:38+0500
2024-09-25T13:38+0500
2024-09-25T13:38+0500
су
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_0:0:3359:1890_1920x0_80_0_0_c375a5bd30f5b0911fff59e0e32c9fdf.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Биыл еліміздегі су қоймаларына барынша көп көлемде су жіберілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты.Осы орайда ол су тұтыну көрсеткіші жоғары аймақтарға тоқталды. Қызылорда облысына – 3,5 млрд текше метр, Түркістан облысына – 3,2 млрд текше метрден артық, Жетісу облысына – 1,2 млрд және Жамбыл облысына 1 млрд текше метрден астам су берілді.Оның айтуынша, жұмыс негізгі 3 бағыт бойынша жүргізілді. Біріншіден, су тасқыны кезінде су қоймаларын толтыру мақсаты қойылды. Кейінгі бірнеше жылда алғаш рет, тіпті кейбір нысандарды пайдалану тарихында бірінші рет су қоймалары 100%-ға толтырылды. Екіншіден, су дипломатиясына ерекше екіпін қойылды. Бұл тұрғыда географиялық орналасуымызға байланысты еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз етуде көрші елдермен келіссөздер мен келісімдер жалғасты. Үшіншіден, гидроқұрылыстар дайындалды, яғни жөндеу жұмыстары, реконструкциялау, каналдарды тазарту, ирригациялық желілерді дайындау және басқа да жұмыстар ұйымдастырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_b044467d4420da5e62833bb09a346016.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, ауыл шаруашылығы
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Биыл еліміздегі су қоймаларына барынша көп көлемде су жіберілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты.
"Елімізде 1 сәуірде басталып, қыркүйектің соңына дейін жалғасатын суару маусымы аяқталуға жақын. Құрғақшылық туралы көптеген болжамға қарамастан, Су ресурстары және ирригация министрлігі төтенше жағдайдың, суармалы су тапшылығының алдын алып, былтырғы жағдайдан кейін жинаған тәжірибенің нәтижесінде шаруаларды сумен үздіксіз қамтамасыз еткенін атап өткім келеді. Суару маусымында шаруаларға шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымы – "Қазсушар" филиалдары шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 25 мыңға жуық келісімшарт бекітті", - деді Мөлдір Әбдуалиева Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол су тұтыну көрсеткіші жоғары аймақтарға тоқталды. Қызылорда облысына – 3,5 млрд текше метр, Түркістан облысына – 3,2 млрд текше метрден артық, Жетісу облысына – 1,2 млрд және Жамбыл облысына 1 млрд текше метрден астам су берілді.
Оның айтуынша, жұмыс негізгі 3 бағыт бойынша жүргізілді. Біріншіден, су тасқыны кезінде су қоймаларын толтыру мақсаты қойылды. Кейінгі бірнеше жылда алғаш рет, тіпті кейбір нысандарды пайдалану тарихында бірінші рет су қоймалары 100%-ға толтырылды. Екіншіден, су дипломатиясына ерекше екіпін қойылды.
Бұл тұрғыда географиялық орналасуымызға байланысты еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз етуде көрші елдермен келіссөздер мен келісімдер жалғасты. Үшіншіден, гидроқұрылыстар дайындалды, яғни жөндеу жұмыстары, реконструкциялау, каналдарды тазарту, ирригациялық желілерді дайындау және басқа да жұмыстар ұйымдастырылды.