Астанада туризмді дамыту мәселесі талқыланды

© Photo : Қазақстан Республикасы Президенттік орталығыАстанада Қазақстанның жетекші туристік операторларымен Fishbowl-пікірталас өтті
Астанада Қазақстанның жетекші туристік операторларымен Fishbowl-пікірталас өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында "Қазақстандағы тұрақты туризм" тақырыбында Fishbowl-пікірталас өтті.
Орталық директоры Бақытжан Темірболат туризм әлемдік экономиканың серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі екенін, оның өсу қарқыны көптеген басқа саладан екі есе дерлік жылдам екенін атап өтті.
"Мемлекет басшысы жолдауында еліміздің туристік әлеуетін дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті, әсіресе туризмді дамыту қоршаған ортаны қорғау және мәдени мұрамызды сақтаумен қатар жүруі керектігін айтты. Нәтижесінде биыл туризм саласына құйылған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артып, 390 миллиард теңгеден асты. Бүгінде Туризм және спорт министрлігі арқылы жалпы құны шамамен 400 млрд теңгені құрайтын 61 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда", - деді Темірболат.
"Атамекен" ҰКП Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Юлия Якупбаева өз сөзінде біздің еліміздің бірегей табиғи аумақтары және туристерді тартатын бай мәдени-тарихи базасының болғаны Қазақстан үшін туризмнің негізгі бағыттары эко- және мәдени туризм болып саналатынын атап өтті.
© Photo : Қазақстан Республикасы Президенттік орталығыАстанада Қазақстанның жетекші туристік операторларымен Fishbowl-пікірталас өтті
Астанада Қазақстанның жетекші туристік операторларымен Fishbowl-пікірталас өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2024
Астанада Қазақстанның жетекші туристік операторларымен Fishbowl-пікірталас өтті
"Тұрақты туризм – экономикалық өсуді, қоршаған ортаны қорғауды және әлеуметтік-мәдени байланыстарды дамытуды үйлесімді үйлестіруге мүмкіндік беретін Қазақстан үшін стратегиялық даму жолы. Тұрақты туризм қағидаттарын енгізу Қазақстанға халықаралық туристер мен инвесторлардың назарын аударып, аймақтағы көшбасшы болуға көмектеседі", - деді Якупбаева.
Ал Қалалық туризмді дамыту орталығының президенті Әйгерім Есеналиева халықаралық туризмді дамыту, оның ұлттық экономиканы өркендетуге, халықтың көп бөлігін жұмыспен қамтуға қосқан үлесі, сондай-ақ отандық туристік салаға инвестициялар тарту құралдары туралы айтып берді.
Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева өз баяндамасында Дүниежүзілік туристік ұйым, Дүниежүзілік саяхат және туризм жөніндегі кеңестің, Euromonitor International және басқа да ірі халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне негізделген Қазақстандағы қалалық туризмді дамыту тақырыбын қозғады.
"Қала туризмі бойынша VI жаһандық саммитте тұрғындар – қала қонақтары, ал туристер уақытша тұрғындар екені айтылды. Қазіргі таңдағы өзекті мәселе – қалалық туризмді дамыту үшін жалпы қалаларды жаңғырту қажет. Бұл урбанизацияның сын-қатерлеріне жауап беретін "Ақылды қала" тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Қазірдің өзінде көптеген дестинация туристік индустрияға әсер ететін "ақылды қала" технологияларын енгізуде", – деп сөзін түйіндеді Қарабаева.
Айта кетері, туризмді жедел дамыту үшін 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Туризм саласының инвестициялық тартымдылығы күн санап артып келеді. Туризм және спорт министрлігі "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-мен бірлесіп туристік саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шарттарын белгіледі.
Жаңалықтар
0