Алматыда "KIOGE 2024" конференциясы өтіп жатыр

© AP Photo / Tony GutierrezДобыча нефти
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан 2030 жылға қарай мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға (шамамен 730 миллион баррель) жеткізуді жоспарлап отыр.
2023 жылы Қазақстанның мұнай өндірісі 90 миллион тоннаны (655 миллион баррель), экспорты 70,5 миллион тоннаны (517 миллион баррель) құрады.
Бұл туралы Алматыдағы "Энергетикалық жобаларды жүзеге асырудағы халықаралық серіктестік (KIOGE 2024)" конференциясында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Ол 2023 жылы табиғи газ өндіру 59,1 миллиард текше метрге жеткенін, ал 2030 жылға қарай 90,7 миллиард текше метрге жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда "KIOGE 2024" конференциясы өтіп жатыр
В Алматы проходит конференция KIOGE 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2024
Алматыда "KIOGE 2024" конференциясы өтіп жатыр
Сәтқалиев үкімет геологиялық барлауға инвестиция тарту үшін Жақсартылған үлгілік келісімшарт ұсынып отырғанын атап өтті. Оның мәліметінше қазірдің өзінде жалпы инвестиция көлемі 9 млрд долларды құрайтын 6 келісімшартқа қол қойылған.
Министр Қазақстан үшін қысқа және ұзақ мерзімді перспективадағы тағы бір басымдық – көмірсутектерді терең өңдеу, атап айтқанда, мұнай-химия саласын дамыту екенін атап өтті.
"2022 жылы біз қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын әлемдегі ең ірі полипропилен өндірісінің бірін іске қостық. Оның құрылысы халықаралық экологиялық нормалар мен стандарттарға сәйкес жүргізілді", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Энергетика министрлігінің басшысы айдың басында Қазақстанда қуаттылығы 1,25 миллион тонна және жалпы инвестиция көлемі 7,4 миллиард АҚШ долларына жуықтайтын полиэтилен өндірісі бойынша бірінші зауыттың құрылысы басталғанын жеткізді.
Жаңалықтар
0