Жұманғарин қытай іскер топтарына қант зауыттарын салуға инвестиция құюды ұсынды

© Photo : пресс- служба акимата Алматинской областиСахарный тростник из стран Латинской Америки начали поставлять на завод в Алматинской области
Сахарный тростник из стран Латинской Америки начали поставлять на завод в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Жазылу
Қытай Қазақстанның экономикасына инвестиция салатын топ-5 елдің қатарына кіреді
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің (ҚКП ОК) Бірыңғай фронт жұмыс бөлімі министрінің орынбасары және Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Шэнь Инмен кездесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Серік Жұманғарин қытай іскер топтарына Қазақстанда қант зауыттарын салуға инвестиция құюды ұсынды. Сонымен қатар ол астықты терең өңдеу кәсіпорындарының санын арттыруға қызығушылық бар екенін атап өтті. Айтуынша, Қазақстан ұқсас және басқа да инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуге дайын.
"Қытай Қазақстанның экономикасына инвестиция салатын топ-5 елдің қатарына кіреді. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, рекордтық $41 млрд-қа жетті. Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауар айналымы шамамен 20%-ға өсті", — деп мәлімдеді вице-премьер.
2005 жылдан бастап Қытайдан Қазақстанға тартылған жалпы инвестиция көлемі $25 млрд-қа жуықтады. Тек өткен жылы тікелей қытайлық инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, $1,6 млрд-тан асты.
"Бүгінде елімізде қытай капиталының қатысуымен 30 мыңға жуық бірлескен компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың шамамен төрттен бірі соңғы жылы ғана қосылды. Бұл қытай іскер топтардың Қазақстандағы бизнес-климатқа жоғары сенім білдіретінін және біздің серіктестігіміздің тұрақтылығы мен өнімділігін дәлелдейді", — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Жаңалықтар
0