Су тасқыны: апат аймақтарында техника мен авиациялық көліктің тапшылығы қатты сезілді

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области /Valeriy BUGAYEVПаводки в Павлодарской области
Паводки в Павлодарской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында су тасқынының салдарын жою және олардың алдын алу мәселесі бойынша сөз сөйледі.
"Жедел және уақтылы қабылданған шаралардың арқасында адам өліміне жол берілмей, бес жүзден астам елді мекен су басудан аман қалды. Осыған байланысты, ТЖМ барлық күштері мен құралдарды төтенше жағдай аймағында қалған халықты тез арада эвакуациялауға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Құтқару жұмыстары ауа-райының қолайсыздығында және қиын жерлерде жүргізілді", - деді ол.
ТЖМ басшысы атап өткендей, апат аймақтарында инженерлік техника мен көлік авиациясының тапшылығы қатты сезілді.
"Тартылған техниканың көп бөлігі сапасыз және ұзақ мерзімді жұмыстарға жарамсыз болды. Күштер мен құралдарды темір жол эшелондарымен және әуе кемелерімен жөнелту жүргізілді. Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендердің арнасынан асып тасуына байланысты Қорғаныс министрлігінің Понтон көпірлері орнатылды, бұл халықты эвакуациялауды, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", - деді министр.
Паводки в Казахстане 2024 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Су тасқынынан кейін екі облыста жаңа үйлердің құрылысы әлі аяқталмады – үкімет
Жаңалықтар
0