https://sputnik.kz/20240924/sharlapaev-khalyqqa-qolzhetimdi-kolikterdi-atady-47314604.html
Шарлапаев халыққа қолжетімді көліктерді атады
Шарлапаев халыққа қолжетімді көліктерді атады
Sputnik Қазақстан
Министр қазірдің өзінде халыққа қолжетімді көліктерді сатып алуға болатынын айтып отыр 24.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-24T14:37+0500
2024-09-24T14:37+0500
2024-09-24T14:37+0500
көлік
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_b481f7c959caff771e69d661009670c7.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев халыққа қолжетімді көліктерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер Оңтүстік Корея мен Өзбекстанды мысалға келтіріп, ең төменгі жалақы алатын қазақстандықтар қай кезде эконом класқа жататын көліктерге міне алатынын сұрады. Министр қазірдің өзінде халыққа қолжетімді көліктерді сатып алуға болатынын айтып отыр. Осы орайда министр Алматы қаласында жаңа зауыттың салынып жатқанын да еске салды. Оның құрылысы келесі жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. "Ол жерде төмен бағамен бюджеттік модельдерді шығаратын боламыз", - деп атап көрсетті Шарлапаев.
https://sputnik.kz/20230503/zhenildetilgen-avtokredit-ministr-koligi-barlar-bagdarlamaga-qatysa-almaytynyn-aytty-34498467.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_bd512d7a816830c22639594270260a68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік
Шарлапаев халыққа қолжетімді көліктерді атады
Министр қазірдің өзінде халыққа қолжетімді көліктерді сатып алуға болатынын айтып отыр
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев халыққа қолжетімді көліктерді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер Оңтүстік Корея мен Өзбекстанды мысалға келтіріп, ең төменгі жалақы алатын қазақстандықтар қай кезде эконом класқа жататын көліктерге міне алатынын сұрады. Министр қазірдің өзінде халыққа қолжетімді көліктерді сатып алуға болатынын айтып отыр.
"Оңтүстік Корея мен Өзбекстанды мысалға келтіріп отырсыз. Мен онымен келіспеймін. Мысалы, Chevrolet Cobalt-тың бағасын алайық. Қазір бұл көлік ең төмен бағамен Қазақстанда шығарылады. Оның жаңа модификациясы – Chevrolet Onix, ол да ең төмен бағамен отандық автозауыттарында шығарылып жатыр", - деді Шарлапаев.
Осы орайда министр Алматы қаласында жаңа зауыттың салынып жатқанын да еске салды. Оның құрылысы келесі жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
"Ол жерде төмен бағамен бюджеттік модельдерді шығаратын боламыз", - деп атап көрсетті Шарлапаев.