Сауда нысандарын жаңғыртуға 4 млрд теңге қарастырылған

© Photo : Минторговли и интеграции КазахстанаВице-министр торговли Айжан Бижанова на торговых объектах Павлодара
Вице-министр торговли Айжан Бижанова на торговых объектах Павлодара - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Биыл ішкі сауда субъектілері үшін несиелерді арзандатуға, соның ішінде сауда нысандарын салу мен жаңғыртуға 4 млрд теңге бөлінді. Оның орнына ішкі сауда субъектілері отандық өнім шығаруды ынталандыруға міндетті.
Бұл туралы сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Павлодар облысына жұмыс сапары барысында айтты.
Айжан Бижанова сауда нысандарын салу және жаңғырту үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қамтитын ішкі сауда субъектілерін жаңа мемлекеттік қолдау туралы баяндады. Түпкілікті қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлеме 8,5-9% құрайды, сондай-ақ жетіспейтін кепілдікті қамтамасыз ету үшін кредиттерге кепілдік берілетін болады.
Сондай-ақ ол экспорт пен импорт арасындағы сауда теңгерімінің жақсарғанын атап өтті. Оның ішінде шикізаттық емес экспорттың өсуі мен импорттың төмендеуі бар. 2024 жылы экспортталатын өнім желісі және жаңа әріптеселдердің саны кеңейді. Сондай-ақ электрондық сауда белсенді дамуда.
Сауда министрлігі нарықтардың заманауи инфрақұрылымын қалыптастыра отырып, ішкі сауданы жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде. 2025 жылға қарай Қазақстанның барлық базарлары жаңғыртылуы тиіс. Белгіленген мерзімде аяқталмаған объектілер жабылуы, ал жалға алушылар басқа базарлар мен сауда объектілері арасында бөлінетін болады. Сауда объектілерін цифрландыруға және мемлекеттік қолдау тетіктерін тартуға ерекше көңіл бөлінеді.
Жаңалықтар
0