Қостанайда студент жігіт 11 жылға сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қостанай қаласында спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция қалада есірткіні жасырын жерлер арқылы таратқан екі адамды ұстады. Олардың біреуі дене шынықтыру факультетінің 4-ші курсында оқыған. Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде 4 келіден астам синтетикалық есірткі – "а-PVP" тәркіленді.
Сондай-ақ электронды таразылар, 240 мини-магниттер және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды. Тәркіленген партияның құны шамамен 100 млн теңгені құрайды. Одан 15 мыңнан астам доза жасауға болады.
Соттың шешімімен екеуі де есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Қостанай облысында жыл басынан бері 63 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді.
Жаңалықтар
0