Пойыз тамбурында сарбазды ұрған: полиция күдіктілерді анықтады

© Sputnik / Абзал КалиевФорма патрульных полицейских
Форма патрульных полицейских  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Жазылу
Тергеу барысы ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында болады
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрған бұзақылардың кім екені анықталды.
"Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды", - деп жазды Polisia.kz.
Бұл оқиға 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге оралған кезде болған.
Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып жатқаны жайлы видео тараған болатын. Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Полиция и Нацгвардия заблокировала жителей 5 домов в Алматы из-за карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2024
Тоқаев Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрған қаскөйлерді ұстауды тапсырды
Жаңалықтар
0