Түрік компаниясы Қазақстанға 5,9 млрд теңге қайтарады

© Sputnik / Владислав ВодневДом Министерств в Нур-Султане. Виды города
Дом Министерств в Нур-Султане. Виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жол салуға тартылған түрік компаниясы халықаралық соттан кейін 5,9 миллиард теңгенің алдын ала төлемін қайтаруға келісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әділет министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, осыдан үш жыл бұрын көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті "F&A Road Construction" компаниясымен "Құрты-Бурылбайтал" автожолын қайта жаңартуға келісімшарт жасаған. Содан кейін техника мен материалдарды дайындауға 5,9 миллиард теңгені аударған. Алайда түрік мердігері жұмысты бастаған жоқ. 2022 жылы келісімшарт біржақты бұзылды.
Комитет мамандары ақшаны келіссөзбен қайтаруға тырысқан. Бірақ түрік компаниясы үнсіз қалды. Содан Әділет министрлігі мердігерге қарсы төрелік шараларды бастады.
"2024 жылдың сәуірінде "White & Case LLP" заң фирмасымен бірлесіп Париждегі Халықаралық сауда палатасының төрелік сотына өтініш берілді. Соның нәтижесінде маусым айында мердігер бітімгершілік келісімге қол қоюды ұсынды, ал 2024 жылдың 28 тамызында автомобиль жолдары комитеті келісімге қол қойды. Оған сәйкес, мердігер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін 5,9 миллиард теңге аванстық төлемді қайтаруға, сондай-ақ Әділет министрлігінің қызметтері үшін 280 000 USD және төрелік жарнаның 85 000 USD заңды шығындарын өтеуге міндеттелді", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде жол салуға қатысты тура сондай үш мердігер бойынша дау қаралып жатыр. Әділет министрлігі ел қаржысын қайтаруға мүдделі.
Жаңалықтар
0