Талғардың жанында электромобиль жол апатына түсті – үш адам қайтыс болды

© Photo : РixabayЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында электромобильдің қатысуымен болған жол апатында үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Талғар-Есік автожолының 36 шақырымында "Zeekr 001" жүргізушісі қарсы жолға шығып, "Daewoo Matiz" автокөлігімен соқтығысқан.
Соққының қатты болғаны сонша, Matiz-дің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Алматы полициясы ең көп жол апаты болатын жолдардың тізімін жариялады
Жаңалықтар
0