Қызылордада оқушы мектепте бұрыш баллонын шашқан

CC0 / roegger / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2024
Жазылу
4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға 23 қыркүйекте болған.
"Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, 4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі", - дейді ведомство.
Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орнының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0