https://sputnik.kz/20240923/qostanay-turgyny-zhedel-zhardem-koligin-urlap-ketti-47289730.html
Қостанай тұрғыны жедел жәрдем көлігін ұрлап кетті
Қостанай тұрғыны жедел жәрдем көлігін ұрлап кетті
Sputnik Қазақстан
Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 23.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-23T16:45+0500
2024-09-23T16:45+0500
2024-09-23T16:45+0500
қостанай
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_568:242:3779:2048_1920x0_80_0_0_340970e1db8bf4002edb76e92dbaf9b8.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда ішімдік ішкен ер адам жекеменшік клиниканың жедел жәрдем көлігін ұрлап кетті. Полицейлер оны қала орталығынан ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаметіне сілтеме жасап.Жедел жәрдем денсаулығы сыр берген науқастың шақыртуымен бір үйге барған. Сол кезде 39 жастағы ер адам оны ұрлап кеткен. Полицияға хабар түскен бойда "Ұстау" жоспары енгізілді.Ұрланған көлікті бейнебақылау камералары арқылы анықтап, қаланың орталығында ұстады.Бұдан бөлек, көлік құралын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_969:360:3220:2048_1920x0_80_0_0_8de4cd2d6d84cc84674f62c85b082fb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай
Қостанай тұрғыны жедел жәрдем көлігін ұрлап кетті
Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда ішімдік ішкен ер адам жекеменшік клиниканың жедел жәрдем көлігін ұрлап кетті. Полицейлер оны қала орталығынан ұстады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаметіне сілтеме жасап.
Жедел жәрдем денсаулығы сыр берген науқастың шақыртуымен бір үйге барған. Сол кезде 39 жастағы ер адам оны ұрлап кеткен. Полицияға хабар түскен бойда "Ұстау" жоспары енгізілді.
Ұрланған көлікті бейнебақылау камералары арқылы анықтап, қаланың орталығында ұстады.
"Ұстау кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шыққан, бірақ ол медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Полицейлердің заңды талаптарын орындамағаны үшін сот оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын кесті және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды", - дейді тәртіп сақшылары.
Бұдан бөлек, көлік құралын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.