III Еуразиялық экономикалық форумның бағдарламасы жарияланды

© Photo : Правовой портал ЕАЭСФлаги стран ЕАЭС
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Арменияда өтетін III Еуразиялық экономикалық форумның бағдарламасы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияға сілтеме жасап.
Биылғы форум 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Ереванда өтеді. Негізгі тақырыбы – "ЕАЭО-ға 10 жыл: болашағы және басымдықтары". Ал сессиялар еуразиялық "бестіктің" ортақ әрі өзекті мәселелерін шешуге арналады. Форумның толық бағдарламасын мына жерден көруге болады.
Сондай-ақ ЕАЭО және Иран Ислам Республикасының мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік орта өкілдерінің қатысуымен бірнеше шара ұйымдастырылады.
Форум Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысына орайластырып отыр. Сондықтан одаққа мүше елдердің үкімет басшылары, ірі, орта және шағын бизнесмендер, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Биыл Армения Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Армения төрағалық етіп отыр. Сол себепті форум Ереванда өткізіледі.
Жаңалықтар
0