https://sputnik.kz/20240923/2025-zhyldan-bastap-sharualar-qarzhy-instituttarynan-tikeley-arzandatylgan-kredit-ala-alady-47298160.html
2025 жылдан бастап шаруалар қаржы институттарынан тікелей арзандатылған кредит ала алады
2025 жылдан бастап шаруалар қаржы институттарынан тікелей арзандатылған кредит ала алады
Sputnik Қазақстан
Биыл жеңілдетілген несиелеудің рекордтық көлеміне қол жеткізілді 23.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-23T20:24+0500
2024-09-23T20:24+0500
2024-09-23T20:24+0500
ауыл шаруашылығы
кредит
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_0:74:3198:1873_1920x0_80_0_0_d1b0ad04d0e0a3f8acaccb9e43a1b23f.jpg
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылдан бастап шаруалар қаржы институттарынан тікелей арзандатылған кредит ала алады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кездесуінде айтылды.Субсидиялау мәселелері толығымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктеледі. Осылайша, шаруа субсидия ресімдеу бойынша артық әуре-сарсаңнан құтылады.Биыл жеңілдетілген несиелеудің рекордтық көлеміне қол жеткізілді. Келесі жылдан бастап саланы қаржыландыру көлемін арттырып, 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы желтоқсан айында шаруаларға келесі жылдың алғашқы қаржысы түсуге тиіс екенін атап өтті.Ел шаруалары 19,5 мың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, жаңарту деңгейі – 5%-ды құрайды. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 5,5%-ға, келесі жылы 6,5%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.Биылғы наурыз айында елімізде отандық тыңайтқыштарды сатып алу үшін аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл топыраққа 1,2 млн тонна тыңайтқыш енгізілді, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, әкімдіктер 2025 жылы тыңайтқыш енгізу көлемін 1,9 млн тоннаға дейін арттыруы қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064731_301:0:2897:1947_1920x0_80_0_0_d9f9e5b6ed75872e4515bb8b3b544017.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, кредит
2025 жылдан бастап шаруалар қаржы институттарынан тікелей арзандатылған кредит ала алады
Биыл жеңілдетілген несиелеудің рекордтық көлеміне қол жеткізілді
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылдан бастап шаруалар қаржы институттарынан тікелей арзандатылған кредит ала алады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кездесуінде айтылды.
Субсидиялау мәселелері толығымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктеледі. Осылайша, шаруа субсидия ресімдеу бойынша артық әуре-сарсаңнан құтылады.
Биыл жеңілдетілген несиелеудің рекордтық көлеміне қол жеткізілді. Келесі жылдан бастап саланы қаржыландыру көлемін арттырып, 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы желтоқсан айында шаруаларға келесі жылдың алғашқы қаржысы түсуге тиіс екенін атап өтті.
"Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды жеңілдікпен қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Үкімет биылғы бөлінген қаражат көлемін едәуір ұлғайтты, бұл 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолда бар паркті жаңартуға мүмкіндік берді", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ел шаруалары 19,5 мың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, жаңарту деңгейі – 5%-ды құрайды. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 5,5%-ға, келесі жылы 6,5%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Биылғы наурыз айында елімізде отандық тыңайтқыштарды сатып алу үшін аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл топыраққа 1,2 млн тонна тыңайтқыш енгізілді, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, әкімдіктер 2025 жылы тыңайтқыш енгізу көлемін 1,9 млн тоннаға дейін арттыруы қажет.