Алматыда курсант көз жұмды: Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді

© Photo : официальный сайт Минобороны РККурсанты во время учебы, иллюстративное фото
Курсанты во время учебы, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда жоғары қабаттан құлап көз жұмған курсантқа қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комитеттің мәліметіне сәйкес, үшінші курста оқыған курсант демалыс алып кеткен.
"2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Жас жігіт биіктен құлап, қайтыс болды. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы және оның әрекетіне түрткі болған жағдайлар зерделеніп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Алматы қалалық полиция депаратменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу басталғанын хабарлаған. 19 жастағы жігіт ҰҚК шекара академиясында оқыған.
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2024
Алматыда шекара академиясының курсанты көз жұмды
Жаңалықтар
0