Ақтөбеде 92 жастағы кейуана 8 баласынан алимент талап етті

© Photo : Free-PhotosРуки пожилой женщины, архивное фото
Руки пожилой женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2024
Жазылу
Олардың төртеуі зейнеткерлік жасқа толған
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде 92 жастағы батыр ана 8 баласын сотқа беріп, олардан алимент өндіріп беруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зейнеткердің 9 баласы бар. Қазіргі кезде ол үшінші қызымен бірге тұрады. Ал қалған балалары ешқандай көмек бермейді. 5-6 жылдан бері келмей жүр. Сол себепті анасы сот арқылы алимент өндіріп алуға шешім қабылдаған.
Сотта жауапқа тартылғандар анасына тең дәреже көмектесенін айтып ақталды. Бірақ шынайы және жеткілікті дәлелделер ұсынған жоқ. Одан кейін анасына қарап жүрген бауыры үйге кіргізбейді деп шықты. Алайда оны да дәлелдей алмады. Судья бұны өз міндеттерінен жалтарудың бір әдісі ретінде қарастырды.
Сот талап қоюшының балаларынан алимент алуға құқығы бар екенін анықтады. Бірақ олардың төртеуі зейнеткерлік жасқа толған. Сол себепті алимент өндіруге жатпайды. Ал қалған төртеуі анасына алимент төлеуге міндеттелді. Олардың асырауында мүгедек балалар мен кәмелетке толмаған балалар бар. Судья оны да ескерді.
Осылайша, сот талапты ішінара қанағаттандырып, 4 жауапкерден анасының пайдасына әрқайсысынан 7 АЕК-тен (25 844 теңгеден) алимент өндіріп алуға шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0