Алматы облысында баланы тоқ соғып, көз жұмды: "Қазақтелеком" отбасына баспана алып берді

© AFP 2024 / APU GOMESПтицы на проводах линии электропередачи
Птицы на проводах линии электропередачи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қыркүйек - Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданында электр тогы соғып қайтыс болған нәрестенің ата-анасына Қазақтелеком компаниясы баспана берген болатын. Үйдің жағдайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Алматы облысы Кеген ауданы Шырғанақ ауылында көпбалалы отбасының бүлдіршіні электр тогы соғып, шетінеп кетті. Оқиға Қазақтелеком компаниясы өзінің желілерін кесіп жатқанда болған. Қайғылы оқиға болған екі күннен кейін компания отбасына баспана әперді.
© Айдана Дайырова Алматы облысы Кеген ауданы
 Алматы облысы Кеген ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2024
Алматы облысы Кеген ауданы
"Баспанамыз жылы. Бұған дейін басымызда үй де болмаған. Ауылда бір кісінің ескі үйін паналап жүр едік. Баламның орнын баспанамен толтыра алмаймын, бірақ қалған төрт ұлымның сирағы сыйып жатады, соған тәуба деймін" - дейді шетінеген бүлдіршіннің анасы Фарида Дәулетбақова.
Төрт бөлмелі үйдің қабырғасы қалың, жылу құбырлары ауыстырылған. 8 соттық жері бар.
© Айдана Дайырова Алматы облысы Кеген ауданы
 Алматы облысы Кеген ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2024
Алматы облысы Кеген ауданы
"Терезелері ағаштан жасалған, сапалы, ескірмеген. Едені де жақсы. Бір тонна көмір түсіріп алдым, қазір күн жылы, арасында суытқанда 3 шелек көмір жағамын, үй қызып кетеді. Қазақтелекомның берген 5 млн теңгесіне жаңа үйіме жаңа заттар алып, балаларымды бастан-аяқ киіндірдім", - дейді үй иесі.
Фарида ауылдық ауруханада жұмыс істеген, қазір балаларына қарап үйде отыр. Отағасы тауда малшы.
© Айдана Дайырова Алматы облысы Кеген ауданы
 Алматы облысы Кеген ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2024
Алматы облысы Кеген ауданы
Материалдық жағдайы жақсарғанымен, Фарида күн аралатып мазар басына барып, бүлдіршінін жоқтайтын айтады.
Жаңалықтар
0