https://sputnik.kz/20240921/zelenskiy-qorganys-shygynyn-ulgaytu-turaly-zanga-qol-qoydy-47258109.html
Зеленский қорғаныс шығынын ұлғайту туралы заңға қол қойды
Зеленский қорғаныс шығынын ұлғайту туралы заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Владимир Зеленский Украинаның қорғаныс күштеріне жұмсалатын шығысты 495 миллиард гривнаға (12 миллиард долларға жуық) арттыруды... 21.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-21T16:09+0500
2024-09-21T16:09+0500
2024-09-21T16:09+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40334265_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_763bc6fd41f86aa2d1d13395af2c0b11.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Владимир Зеленский Украинаның қорғаныс күштеріне жұмсалатын шығысты 495 миллиард гривнаға (12 миллиард долларға жуық) арттыруды көздейтін елдің биылғы мемлекеттік бюджеті туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойды.Сәрсенбі күні Жоғарғы Рада депутаты Ярослав Железняк хабарлағандай, парламент биылғы әскери қажеттіліктер үшін Украина бюджетінің шығысын 12 миллиард долларға ұлғайту туралы заң жобасын қолдады.Рада сайтындағы заң жобасының картасына сәйкес, құжатқа Зеленский сенбі күні қол қойған. Құжатта бюджетті 434 миллиард гривнаға түзету ұсынылған, атап айтқанда: "шығындарды 500 миллиард гривнаға (12 миллиард доллардан астам) ұлғайту және шығыстар мен кредит беруді 65,7 млрд гривнаға (1,5 млрд доллардан астам) қысқарту қарастырылған.Наурызда Жоғарғы Раданың бюджет комитетінің басшысы Роксолана Пидласа Украина өзінің жылдық 87 миллиард долларлық бюджетінің жартысына жуығын қорғаныс саласына бөлгенін, бірақ ішкі кіріс небәрі 46 миллиард долларды құрап отырғанын хабарлады.2023 жылдың қараша айының соңында Зеленский 43 миллиард доллар тапшылықпен Украинаның 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заңға қол қойды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40334265_160:0:2891:2048_1920x0_80_0_0_e62d7a1b2d85afdc2278373220492864.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Владимир Зеленский Украинаның қорғаныс күштеріне жұмсалатын шығысты 495 миллиард гривнаға (12 миллиард долларға жуық) арттыруды көздейтін елдің биылғы мемлекеттік бюджеті туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойды.
Сәрсенбі күні Жоғарғы Рада депутаты Ярослав Железняк хабарлағандай, парламент биылғы әскери қажеттіліктер үшін Украина бюджетінің шығысын 12 миллиард долларға ұлғайту туралы заң жобасын қолдады.
Рада сайтындағы заң жобасының картасына сәйкес, құжатқа Зеленский сенбі күні қол қойған. Құжатта бюджетті 434 миллиард гривнаға түзету ұсынылған, атап айтқанда: "шығындарды 500 миллиард гривнаға (12 миллиард доллардан астам) ұлғайту және шығыстар мен кредит беруді 65,7 млрд гривнаға (1,5 млрд доллардан астам) қысқарту қарастырылған.
Наурызда Жоғарғы Раданың бюджет комитетінің басшысы Роксолана Пидласа Украина өзінің жылдық 87 миллиард долларлық бюджетінің жартысына жуығын қорғаныс саласына бөлгенін, бірақ ішкі кіріс небәрі 46 миллиард долларды құрап отырғанын хабарлады.
2023 жылдың қараша айының соңында Зеленский 43 миллиард доллар тапшылықпен Украинаның 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заңға қол қойды.