https://sputnik.kz/20240921/qazaqstanda-ipotekalyq-nesie-kolemi-5-zhylda-35-ese-osti-47207697.html
Қазақстанда ипотекалық несие көлемі 5 жылда 3,5 есе өсті
Қазақстанда ипотекалық несие көлемі 5 жылда 3,5 есе өсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда ипотекалық несиелеу бір жылда 5%, ал бес жылда 3,5 есе өсті, деп хабарлады Ranking.kz. 21.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-21T20:10+0500
2024-09-21T20:10+0500
2024-09-21T20:10+0500
ипотекалық бағдарлама
кредит
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_0:40:3072:1768_1920x0_80_0_0_2cd846c537ae326c152e3fd382d76bbf.jpg
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда ипотекалық несиелеу бір жылда 5%, ал бес жылда 3,5 есе өсті, деп хабарлады Ranking.kz.Биылғы шілденің соңында тұрғын үй салуға және сатып алуға халыққа берілген кредиттер 5,9 трлн теңгеге жетті — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ке артық. Жалпы бес жылда ипотекалық кредиттеу нарығының көлемі 3,5 еседен астам өсті.2010 - 2017 жылдары ипотекалық қарыздардың көлемі іс жүзінде өзгермеген, ал 2018 жылдан бастап айтарлықтай өскен.Дәл осы сәттен бастап Қазақстанда тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын Отбасы банкі тарапынан кредиттеу артқан. Бүгінгі таңда Отбасы банкінің несие портфелі 3,2 трлн теңгені немесе ипотека нарығының 55%-ін құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ке артық. Бұл ретте бес жыл ішінде банктің несие портфелі 3,5 еседен астам, ал онжылдықта 15 еседен астам өсті.Бүгінгі таңда 1 900-ден астам қазақстандық отбасы "Наурыз" бағдарламасы бойынша қоныс тойын атап өтті, тағы 1734 адам "Отау" бағдарламасы бойынша қарыз алды. 5000-ға жуық адам қарыздар бойынша мақұлдау алды және сатып алуға қолайлы баспана іздеуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_34:0:2765:2048_1920x0_80_0_0_9c905cbed1b1f70bd6cd6a0e5d3aba5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ипотекалық бағдарлама, кредит
ипотекалық бағдарлама, кредит
Қазақстанда ипотекалық несие көлемі 5 жылда 3,5 есе өсті
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда ипотекалық несиелеу бір жылда 5%, ал бес жылда 3,5 есе өсті, деп хабарлады
Ranking.kz. Биылғы шілденің соңында тұрғын үй салуға және сатып алуға халыққа берілген кредиттер 5,9 трлн теңгеге жетті — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ке артық. Жалпы бес жылда ипотекалық кредиттеу нарығының көлемі 3,5 еседен астам өсті.
2010 - 2017 жылдары ипотекалық қарыздардың көлемі іс жүзінде өзгермеген, ал 2018 жылдан бастап айтарлықтай өскен.
Дәл осы сәттен бастап Қазақстанда тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын Отбасы банкі тарапынан кредиттеу артқан. Бүгінгі таңда Отбасы банкінің несие портфелі 3,2 трлн теңгені немесе ипотека нарығының 55%-ін құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ке артық. Бұл ретте бес жыл ішінде банктің несие портфелі 3,5 еседен астам, ал онжылдықта 15 еседен астам өсті.
Бүгінгі таңда 1 900-ден астам қазақстандық отбасы "Наурыз" бағдарламасы бойынша қоныс тойын атап өтті, тағы 1734 адам "Отау" бағдарламасы бойынша қарыз алды. 5000-ға жуық адам қарыздар бойынша мақұлдау алды және сатып алуға қолайлы баспана іздеуде.