https://sputnik.kz/20240920/ulttyq-bank-alayaqtyqtyn-zhana-turi-shyqqanyn-eskertti-47230402.html
Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді сұрайды 20.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-20T22:46+0500
2024-09-20T22:46+0500
2024-09-20T22:46+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0e/34881106_63:99:612:408_1920x0_80_0_0_644377d4329e8d0f82cef46765f828b3.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі телефон алаяқтары жаңа схемалар ойлап тапқанын ескертті.Қаскөйлер өзін коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралының пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлайды. Телефонмен әңгіме кезінде азаматтарға олардың қызметін ұзартуға немесе электронды кезекке тұруға болатынын айтады.Шоттағы ақшаларды қолды қылғаннан кейін алаяқтар алданған азаматтармен қайта байланысып, өздерін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын орнатып, ақшалай немесе тауарлай кредиттер ресімдейді.Қаскөйлер өз ісінің заңдылығын растау үшін Ұлттық банк қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін, Ұлттық банктің жалған құжаттарын, ақша құралдарын сақтандыру немесе банктік аударымдар жасау үшін хаттар мен реквизиттер ұсынады.Ұлттық банк азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырады.Алаяқтық әрекеттерге ұрынып қалмас үшін Ұлттық банк мемлекеттік органдар мен Ұлттық банктің қызметкері болып қоңырау шалған адамдармен арадағы байланысты үзуге кеңес беріп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0e/34881106_30:0:574:408_1920x0_80_0_0_0489da94663ee9b3af7680a3136bcb60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді сұрайды
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі телефон алаяқтары жаңа схемалар ойлап тапқанын ескертті.
Қаскөйлер өзін коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралының пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлайды. Телефонмен әңгіме кезінде азаматтарға олардың қызметін ұзартуға немесе электронды кезекке тұруға болатынын айтады.
"Әрі қарай алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды, я болмаса дербес деректерін хабарлауды сұрайды. Кейін телефонға қосылып алған соң қаскөйлер азаматтың қаражатын ұрлап, SIM-картаның виртуалды көшірмесін қосып алады", - деп жазылған Ұлттық банктің хабарламасында.
Шоттағы ақшаларды қолды қылғаннан кейін алаяқтар алданған азаматтармен қайта байланысып, өздерін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын орнатып, ақшалай немесе тауарлай кредиттер ресімдейді.
Қаскөйлер өз ісінің заңдылығын растау үшін Ұлттық банк қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін, Ұлттық банктің жалған құжаттарын, ақша құралдарын сақтандыру немесе банктік аударымдар жасау үшін хаттар мен реквизиттер ұсынады.
Ұлттық банк азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырады.
Алаяқтық әрекеттерге ұрынып қалмас үшін Ұлттық банк мемлекеттік органдар мен Ұлттық банктің қызметкері болып қоңырау шалған адамдармен арадағы байланысты үзуге кеңес беріп отыр.