"Алтын іздеген": Ақмола облысында жоғалған оқушы шахтадан табылды

Заброшенная шахта, карьер. Иллюстративное фото
Заброшенная шахта, карьер. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2024
Жазылу
11-сынып оқушысы үш күннен бері сабаққа бармаған
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Степногорск қаласында жоғалған жасөспірім Бестөбе шахтасынан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
16 қыркүйекте қалалық полиция басқармасына 17 жастағы жігіттің жоғалғаны туралы хабар түскен. 11-сынып оқушысы үш күннен бері сабаққа бармаған. Содан мұғалімдер оны іздей бастаған. Полиция қызметкерлері бірден іздестіру шараларына кіріскен.
Тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасынан, туыстары мен достарынан жауап алып, мектеп оқушысының Бестөбеге кетіп қалғанын білген. Ол жақта алтын іздеймін деп, шахтаға түсіп кеткен. Полиция оны тауып, үйіне қайтарды. Ата-анасы өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Ал жасөспірім күзетілетін нысанға заңсыз кіргені үшін айыппұл төлеуі керек.

Айта кетері, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындамаған ата-аналарға 36 920 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал күзетілетін нысандарға заңсыз кіргені үшін 55 380 теңге немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0