https://sputnik.kz/20240920/abay-oblysynda-bir-kenshi-qaza-tapty-47214783.html
Абай облысында бір кенші қаза тапты
Абай облысында бір кенші қаза тапты
Sputnik Қазақстан
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда 20.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-20T08:02+0500
2024-09-20T08:02+0500
2024-09-20T08:02+0500
шахта
қайғылы оқиға
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1f/39777464_0:16:3072:1744_1920x0_80_0_0_9fdc43fe44789c608bc769a1b2967708.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында Орлов шахтасында тау массасы құлап, бір жұмысшы қайтыс болды, тағы біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан KAZ Minerals тобына сілтеме жасап.Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды."Kaz Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді", - деп атап өтті компания.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды."Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.Тергеу Абай облысы полиция департаментінің бақылауында.КAZ Minerals Limited – Қазақстанда мыс, мырыш, алтын және күміс өндіретін заманауи компания.
https://sputnik.kz/20240919/zhambyl-oblysynda-tau-zhynysy-opyrylyp-tusti--bir-adam-zhogalyp-ketti-47209302.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1f/39777464_177:0:2908:2048_1920x0_80_0_0_10327603ff9da54f7da7b6f5eaac9cfb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, қайғылы оқиға
Абай облысында бір кенші қаза тапты
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында Орлов шахтасында тау массасы құлап, бір жұмысшы қайтыс болды, тағы біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан KAZ Minerals тобына сілтеме жасап.
"19 қыркүйекте сағат 14:20 шамасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын ала себеп — тау массасының құлауы. Алған жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екіншісі үйіне жіберілді", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.
"Kaz Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді", - деп атап өтті компания.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Тергеу Абай облысы полиция департаментінің бақылауында.
КAZ Minerals Limited – Қазақстанда мыс, мырыш, алтын және күміс өндіретін заманауи компания.