https://sputnik.kz/20240919/turkistan-oblysynda-qurylys-nysandaryna-130-mlrd-tengege-zhuyq-qarzhy-bolindi-47201663.html
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Sputnik Қазақстан
Жыл соңына дейін 418 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр 19.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-19T12:43+0500
2024-09-19T12:43+0500
2024-09-19T12:43+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/09/12/47194521_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_690fa2f793e8b29e2d025b2f735a2d0a.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында жыл соңына дейін 400-ден астам нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады әкімдік.Биыл өңірде ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 129,9 млрд теңге бөлінді.Жыл соңына дейін 418 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 67 нысанның құрылысы 2025 жылға өтеді.Атап айтқанда, білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылына Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Отырар және Төлеби аудандарында 2 мектеп, жалпы 4 білім беру ұясы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 10 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан құрылысы 2025 жылы аяқталады.Сонымен қатар 94 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджет есебінен құрылысы жүргізілген 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.Бұдан бөлек, өңірде 8 әкімшілік ғимарат бой көтеруде. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат құрылысы аяқталмақ. Қалған 2 нысан 2025 жылға өтпелі.Облыс аумағында құрылысы басталған 12 мәдени нысанның 4-і осы жылы ел игілігіне пайдалануға берілмек. Қалған 8 ғимараттың құрылысы келесі жылы аяқталады.Сондай-ақ аймақта 23 спорт нысанының құрылысы қолға алынып, оның 3-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 11 жобаны аяқтау жоспарланған. Қалған 9 нысан келесі жылы пайдалануға тапсырылады.Ауыл шаруашылығы саласында 8 нысан құрылысы жоспарланған.Облыс аумағында 2 469 пәтерлі, жалпы ауданы 66,0 мың шаршы метрді құрайтын 221 үйдің құрылысы басталған. Жыл қорытындысымен арендалық тұрғын үй кезегінде тұрған 2 469 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделуде.Жайлы мектептерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша биыл тапсырылатын 29 мектептің 4-і қамтылған. 25 мектептің құрылысына 4,9 млрд теңге қаржы қаралып, жұмыстар 100% аяқталған.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/12/47194521_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_8e828dca889f3d1182d8a0cf627e5ae5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Жыл соңына дейін 418 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында жыл соңына дейін 400-ден астам нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлады әкімдік.
Биыл өңірде ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 129,9 млрд теңге бөлінді.
Жыл соңына дейін 418 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 67 нысанның құрылысы 2025 жылға өтеді.
Атап айтқанда, білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылына Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Отырар және Төлеби аудандарында 2 мектеп, жалпы 4 білім беру ұясы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 10 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан құрылысы 2025 жылы аяқталады.
Сонымен қатар 94 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджет есебінен құрылысы жүргізілген 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, өңірде 8 әкімшілік ғимарат бой көтеруде. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат құрылысы аяқталмақ. Қалған 2 нысан 2025 жылға өтпелі.
Облыс аумағында құрылысы басталған 12 мәдени нысанның 4-і осы жылы ел игілігіне пайдалануға берілмек. Қалған 8 ғимараттың құрылысы келесі жылы аяқталады.
Сондай-ақ аймақта 23 спорт нысанының құрылысы қолға алынып, оның 3-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 11 жобаны аяқтау жоспарланған. Қалған 9 нысан келесі жылы пайдалануға тапсырылады.
Ауыл шаруашылығы саласында 8 нысан құрылысы жоспарланған.
Облыс аумағында 2 469 пәтерлі, жалпы ауданы 66,0 мың шаршы метрді құрайтын 221 үйдің құрылысы басталған. Жыл қорытындысымен арендалық тұрғын үй кезегінде тұрған 2 469 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделуде.
Жайлы мектептерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша биыл тапсырылатын 29 мектептің 4-і қамтылған. 25 мектептің құрылысына 4,9 млрд теңге қаржы қаралып, жұмыстар 100% аяқталған.