https://sputnik.kz/20240919/soltustik-qazaqstanda-sabaq-oqymagan-qyzdy-anasy-pyshaqtap-tastady-47200615.html
Солтүстік Қазақстанда сабақ оқымаған қызды анасы пышақтап тастады
Солтүстік Қазақстанда сабақ оқымаған қызды анасы пышақтап тастады
Sputnik Қазақстан
Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр 19.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-19T10:59+0500
2024-09-19T10:59+0500
2024-09-19T11:15+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/09/62/096278_0:2:1361:768_1920x0_80_0_0_4a033c38ac5273e92219e82a4166c99c.jpg
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында әйел 11 жастағы қызын сабақ оқымағаны үшін пышақтаған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 16 қыркүйекте түнге қарай болған. Жалпы бұл отбасында 6 бала бар, сондай-ақ атасы және әжесі бірге тұрады, толыққанды отбасы.Динара Зәкиеваның айтуынша қызды сабақ оқымағаны үшін жазалаған.СҚО-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Сұрағанова отбасыға барғанын айтты."Қазіргі уақытта жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, жағдайы қанағаттанарлық. Қыз Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір істің мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Отбасына бардым", — деп жазды Сәуле Сұрағанова.Бала аудандық ауруханаға 17 қыркүйекте жеткізілген, ал кеше түнде облыстық балалар ауруханасына әкелінген.Қыздың шешесін балалардан аулақ ұстау туралы шешім қабылданған."Балаға болашақта психологиялық көмек көрсетіледі. Білім басқармасы комиссия құрды. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, әкімдік ананы үйде отырған қалған балаларды тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады", - дейді ҚР Білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/09/62/096278_169:0:1193:768_1920x0_80_0_0_55c8537632a1c5c0ac49de859a037cfc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда сабақ оқымаған қызды анасы пышақтап тастады
10:59 19.09.2024 (жаңартылды: 11:15 19.09.2024) Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында әйел 11 жастағы қызын сабақ оқымағаны үшін пышақтаған, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 16 қыркүйекте түнге қарай болған. Жалпы бұл отбасында 6 бала бар, сондай-ақ атасы және әжесі бірге тұрады, толыққанды отбасы.
Динара Зәкиеваның айтуынша қызды сабақ оқымағаны үшін жазалаған.
"Алдын ала болжам бойынша анасы 11 жастағы қызы сабағын оқымағаны үшін пышақтаған. Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Комиссия құрылып, сараптама жүргізіле бастады. Бұл іс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке бақылауында", - дейді Зәкиева.
СҚО-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Сұрағанова отбасыға барғанын айтты.
"Қазіргі уақытта жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, жағдайы қанағаттанарлық. Қыз Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір істің мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Отбасына бардым", — деп жазды Сәуле Сұрағанова.
Бала аудандық ауруханаға 17 қыркүйекте жеткізілген, ал кеше түнде облыстық балалар ауруханасына әкелінген.
Қыздың шешесін балалардан аулақ ұстау туралы шешім қабылданған.
"Балаға болашақта психологиялық көмек көрсетіледі. Білім басқармасы комиссия құрды. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, әкімдік ананы үйде отырған қалған балаларды тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады", - дейді ҚР Білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті.