https://sputnik.kz/20240919/khalyqaralyq-izdeude-zhurgen-alayaqtar-ustaldy-47197857.html
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқтар ұсталды
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқтар ұсталды
Sputnik Қазақстан
Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады 19.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-19T09:52+0500
2024-09-19T09:52+0500
2024-09-19T09:52+0500
алаяқ
халықаралық іздеу
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:1620_1920x0_80_0_0_201305f3ff5b71ccb9c274c8ab7d2e52.jpg
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады.Астана қаласының 60 жастағы тұрғыны өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған."Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.Жалпы жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/64/1036415_0:0:2880:2160_1920x0_80_0_0_c4ae3e2cdee4b4d85260984444426a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, халықаралық іздеу
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқтар ұсталды
Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 млн теңгеден асады.
"Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылы Ақтөбеде жүріп, елордадан жылжымайтын мүлік сатып алып берем деп алдап, 100 млн теңгені иемденген. Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізіп берем деп азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған", - дейді ведомство.
Астана қаласының 60 жастағы тұрғыны өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған.
"Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Жалпы жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады.