Алматы облысында жойқын жарылыс болды: бір адам көз жұмды

© Sputnik / СтрингерАлматы облысында газ жарылды
Алматы облысында газ жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2024
Жазылу
Оқыс оқиға болған кезде үйде тоңазытқыш алып келген жүк тасушылар болған
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында тұрғын үйде газ жарылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 18 қыркүйек 17:00 шамасында болған. Үйге газ пеші былтыр жаңадан қойылған, еш ақауы болмаған. Газ мамандары келіп тексеріп те кеткен. Газдың неден жарылғаны әзірше белгісіз. Үйде алпыстан асқан ерлі-зайыпты тұрған, ал бала-шағасы демалыс күндері келіп тұрған.
© Sputnik / СтрингерАлматы облысында газ жарылды
взрыв газа в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2024
Алматы облысында газ жарылды
"Мен өзім емделуге кеткен едім, 4 күн үйде болмадым. Күйеуіме үйде жалғыз отырасың ба, балаларға бара тұр дедім. Бірақ ол ылғи газ жарылып кетеді деп ешқайда бармайтын. Үйді күзетіп жүретін ", - дейді марқұмның әйелі.
© Sputnik / СтрингерАлматы облысында газ жарылды
взрыв газа в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2024
Алматы облысында газ жарылды
"Сол жарылыс болардың алдында немеремнің фотосын жіберіп еді. Еш нәрсені жүрегім сезбеді. Сол күні қаладан тоңазытқыш алдырып, оны үйге екі жігіт жеткізген. Екеуі тоңазытқышты көтеріп үйге кіріп келе жатқанда газ жарылған, екеуін бірнеше метрге лақтырып жіберген", - дейді үй иесі.
Жарылыстың күшті болғаны соншалық 4 бірдей көршінің терезесі шағылып, үй ішіндегі есіктердің топсасы ажырап кеткен. Ал бір үйдің қабырғасы құлап қалған.
Жаңалықтар
0