Алматы облысында кондуктор автобустан құлап қайтыс болды

© Sputnik / Елена БережнаяНовые автобусы на улицах Петропавловска
Новые автобусы на улицах Петропавловска  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Алматы облысында кондуктор маршруттық автобус салонынан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін нөмірі 41-ші маршруттық автобуста болған.
"Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді ведомство.
Жаңалықтар
0