https://sputnik.kz/20240918/zhetisuda-ayeldi-zorlamaq-boldy-dep-ayyptalgan-akim-sotta-zhauap-berip-zhatyr-47181465.html
Жетісуда әйелді зорламақ болды деп айыпталған әкім сотта жауап беріп жатыр
Жетісуда әйелді зорламақ болды деп айыпталған әкім сотта жауап беріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жәбірленушінің айтуынша ауыл әкімі үйге түнде терезеден кірген 18.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-18T12:13+0500
2024-09-18T12:13+0500
2024-09-18T12:32+0500
жетісу облысы
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/169/65/1696571_0:0:3685:2074_1920x0_80_0_0_e3469b0c612f15b2cf85dc242049f31b.jpg
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысы Ақсу ауданында бөтен үйге ұрланып кіріп, әйелге тиісті деп айыпталған әкімнің мәселесі сотта қаралып жатыр. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы Нұрсұлтан Орынбасаров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиғаның мән-жайын айтып шағымданған ауыл тұрғынының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Жәбірленушінің айтуынша ауыл әкімі үйге түнде терезеден кірген.Облыстық сот айыпталған әкімге қатысты екінші сот отырысы бүгін өтетінін айтты.Ақсай ауданында сот Р. және К. қатысты Қылмыстық кодекстің 149-бабы Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу бойынша қылмыстық істі қарап жатыр.Іс 2 қыркүйекте өндіріске қабылданды. 9 қыркүйекте алғашқы сот отырысы өтті. Бүгін екінші отырыс болады.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/169/65/1696571_194:0:3685:2618_1920x0_80_0_0_adf395406fafc5d8e7ef0ec894329ca0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, зорлық-зомбылық
жетісу облысы, зорлық-зомбылық
Жетісуда әйелді зорламақ болды деп айыпталған әкім сотта жауап беріп жатыр
12:13 18.09.2024 (жаңартылды: 12:32 18.09.2024) Жәбірленушінің айтуынша ауыл әкімі үйге түнде терезеден кірген
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысы Ақсу ауданында бөтен үйге ұрланып кіріп, әйелге тиісті деп айыпталған әкімнің мәселесі сотта қаралып жатыр. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы Нұрсұлтан Орынбасаров айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаның мән-жайын айтып шағымданған ауыл тұрғынының
бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Жәбірленушінің айтуынша ауыл әкімі үйге түнде терезеден кірген.
"Түнде көзім ілініп кетіпті, киімімді шешкелі жатыр. Мен күйеуім екен деп ойлап қалсам, ірілеу келген адам. Қараңғыда кім екенін танымадым. Жүгіріп барып "светті" жақсам, әлгі адам мені қаға-маға сыртқа қашты. Әкім екенін көрдім. Есіктің ілгішін аша алмай тұрып қалды. Ауыз үйге шыққан кезінде қарасам, ол жерде әкімнің қызметкері тұр. Олар терезеден түскен", - деп шағымданған әйел әкімнің қай терезеден түскеніне дейін көрсетіп берді.
Облыстық сот айыпталған әкімге қатысты екінші сот отырысы бүгін өтетінін айтты.
Ақсай ауданында сот Р. және К. қатысты Қылмыстық кодекстің 149-бабы Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу бойынша қылмыстық істі қарап жатыр.
Іс 2 қыркүйекте өндіріске қабылданды. 9 қыркүйекте алғашқы сот отырысы өтті. Бүгін екінші отырыс болады.