https://sputnik.kz/20240918/tasmagambetov-armeniyany-ali-de-uyym-formatyndagy-ten-quqyly-seriktes-retinde-qarastyramyz-47188968.html
Тасмағамбетов: Арменияны әлі де Ұйым форматындағы тең құқылы серіктес ретінде қарастырамыз
Тасмағамбетов: Арменияны әлі де Ұйым форматындағы тең құқылы серіктес ретінде қарастырамыз
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Одақтастар. ҰҚШҰ" басылымына берген сұхбатында ұйымның мақсаты мен алдағы міндеттері... 18.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-18T18:10+0500
2024-09-18T18:10+0500
2024-09-18T18:10+0500
ұқшұ
иманғали тасмағамбетов
армения
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45793420_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_367da4b07f1d6f7597c6df9051f0abf8.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Одақтастар. ҰҚШҰ" басылымына берген сұхбатында ұйымның мақсаты мен алдағы міндеттері туралы айтты."ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері, төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдары өкілдерінің тұрақты негізде өткізетін бірлескен оқу-жаттығулары Ұйымның қауіпсіздік құрамдас бөлігін нығайтудың маңызды элементі болып табылады, бұл біздің елдеріміздің қазіргі кездегі қауіп-қатерге қарсы бірлесіп әрекет етуге дайын екендігінің дәлелі", - деді Тасмағамбетов.Сонымен қатар, ол Арменияның ұйымдағы өкілдігіне қатысты пікір білдірді.Ол халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін айтып, негізгі құрылымдар ретінде БҰҰ, ШЫҰ және ТМД-ны, соның ішінде терроризмге қарсы іс-қимылға жауапты олардың бөлімшелерді атады."Еуразиядағы және ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы жағдайды талқылағанда оның тез өзгеріп жатқанын атап өткен жөн. Бұл Ұйымды өзінің қағидалары мен басымдықтарына адал бола отырып, сыртқы жағымсыз факторлардың әсеріне төтеп беру үшін алдағы бірнеше жылға көз тігуге мәжбүр етеді. Жалпы бейбітшілік пен тұрақтылықты жалғыз іздеу бекер деп айта аламын", - деді Иманғали Тасмағамбетов.Бас хатшы ҰҚШҰ-ға барлық өзекті мәселені сындарлы және кикілжіңсіз одақ режимінде ашық және шынайы талқылау арқылы шешім қабылдау тән екенін айтты. Ал өзара қолдау мен ұжымдық қауіпсіздіктің мәселелеріне келгенде, ұйым тек шоғырландырылған түрде әрекет етеді, дейді Тасмағамбетов."Мен біздің Ұйым қызметінің негізінде жатқан ашықтық пен теңдік қағидалары туралы айттым. Біз бұл қағиданы Ұйымның қызметі және Еуразиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы қоғамды ақпараттандыруда қолдануды ұйғардық", - деді Бас хатшы.
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45793420_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_b2a48dc0ba83a45a2d730073b5b275f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов, армения
ұқшұ, иманғали тасмағамбетов, армения
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Одақтастар. ҰҚШҰ" басылымына берген сұхбатында ұйымның мақсаты мен алдағы міндеттері туралы айтты.
"ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері, төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдары өкілдерінің тұрақты негізде өткізетін бірлескен оқу-жаттығулары Ұйымның қауіпсіздік құрамдас бөлігін нығайтудың маңызды элементі болып табылады, бұл біздің елдеріміздің қазіргі кездегі қауіп-қатерге қарсы бірлесіп әрекет етуге дайын екендігінің дәлелі", - деді Тасмағамбетов.
Сонымен қатар, ол Арменияның ұйымдағы өкілдігіне қатысты пікір білдірді.
"Өздеріңіз білесіздер, Армения өкілдері ҰҚШҰ жаттығуларына қатыспаған. Дегенмен, біз Арменияны әлі де Ұйым форматындағы тең құқылы серіктес ретінде қарастырамыз және Еревандағы әріптестерімізбен ағымдағы мәселелердің барлық ауқымы бойынша диалогқа дайынбыз", - деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.
Ол халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін айтып, негізгі құрылымдар ретінде БҰҰ, ШЫҰ және ТМД-ны, соның ішінде терроризмге қарсы іс-қимылға жауапты олардың бөлімшелерді атады.
"Еуразиядағы және ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы жағдайды талқылағанда оның тез өзгеріп жатқанын атап өткен жөн. Бұл Ұйымды өзінің қағидалары мен басымдықтарына адал бола отырып, сыртқы жағымсыз факторлардың әсеріне төтеп беру үшін алдағы бірнеше жылға көз тігуге мәжбүр етеді. Жалпы бейбітшілік пен тұрақтылықты жалғыз іздеу бекер деп айта аламын", - деді Иманғали Тасмағамбетов.
Бас хатшы ҰҚШҰ-ға барлық өзекті мәселені сындарлы және кикілжіңсіз одақ режимінде ашық және шынайы талқылау арқылы шешім қабылдау тән екенін айтты. Ал өзара қолдау мен ұжымдық қауіпсіздіктің мәселелеріне келгенде, ұйым тек шоғырландырылған түрде әрекет етеді, дейді Тасмағамбетов.
"Мен біздің Ұйым қызметінің негізінде жатқан ашықтық пен теңдік қағидалары туралы айттым. Біз бұл қағиданы Ұйымның қызметі және Еуразиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы қоғамды ақпараттандыруда қолдануды ұйғардық", - деді Бас хатшы.