Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

© Photo : Olimpic.kzДзюдошы Ғалия Тынбаева
Дзюдошы Ғалия Тынбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2024
Жазылу
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғалия Тынбаева 3779 ұпай жинады
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Хорватияда өткен турнирде күміс медаль жеңіп алып, әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына енді, деп хабарлады Olimpic.kz.
24 жастағы қазақстандық спортшы 48 келі салмақта финалға шығып, жапон спортшысы Вакана Когеге есе жіберді.
Бұл нәтиже Тынбаеваға Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингінде көтерілуге мүмкіндік берді.
"48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғалия 3779 ұпай жинап, 12-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингте бірінші орынды моңғолиялық Баасанху Бавудорж иеленді. Тағы бір қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова 4-орынға табан тіреді.
Жаңалықтар
0