https://sputnik.kz/20240918/deputattar-zhana-ipotekalyq-bagdarlamany-usyndy--sarapshylar-oz-pikirin-aytty-47187969.html
Депутаттар жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынды – сарапшылар өз пікірін айтты
Депутаттар жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынды – сарапшылар өз пікірін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мәжілісте 7 проценттік жаңа ипотекалық бағдарламаны енгізу мәселесі көтерілді. Депутаттар оны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы... 18.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-18T17:03+0500
2024-09-18T17:03+0500
2024-09-18T17:03+0500
ипотека
депутаттар
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471655_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ba7452922bf37864c040f1d464c2b092.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мәжілісте 7 проценттік жаңа ипотекалық бағдарламаны енгізу мәселесі көтерілді. Депутаттар оны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысына іске асыруды ұсынып отыр. Осылайша, халықтың ақшасын шетелдегі құнды қағаздарға емес, отандық тұрғын үй нарығына салып, қайтарылған ақшаға зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысын арттыруға болады дейді. Ал кредиттің мөлшерлемесі 7 проценттен аспайды. Sputnik Қазақстан тілшісі жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысты сарапшылардың пікірін жазып алды.Депутаттардың ұсынысы қандай?Мәжілісмен Ерлан Стамбековтың айтуынша, бүгінде зейнетақы қорындағы қаражаттың инвестициялық табысы 3-4 процентті құрап отыр. Ал 7 проценттік ипотекамен халыққа таратқан жағдайда 12-13 проценттік табыс түседі. Сонда ипотека алатын жастар болашақ зейнеткерлердің, яғни, өз ата-анасының ақшасын көбейтеді.Оның айтуынша, 7 проценттік ипотекамен баспана кезегінде тұрған мыңдаған адамның тұрғын үй мәселесін шешуге болады. Осы бастаманы бір топ депутат қолдап отыр. Үкімет басшысына тағы бір ресми сауал да жолдады.Барлығына бірдей жағдай жасау керекҚазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов депутаттардың ұсынысын қолдап отыр. Бірақ ондай бастама барлығына тиімді болуы керек."Иә, бірыңғай зейнетақы қорының ақшасы шетелге кетпей, өзімізде қалып, халыққа жұмыс істесе жақсы ғой. Бірақ проценттік мөлшерлемені субсидияласа, онда баспана кезегінде тұрған азаматтармен шектелмей, барлық халықтың кредитін субсидияласын. Ал бәрін Отбасы банкіне салса, басқалар қалып қояды. Қазіргі кезде бұл банк субсидияланған ипотекалық кредиттер саласында монополист болып кетті. Ол жақта кредитті жайдан-жай бере салмайды, арнайы бағдарламалары бар. Сондағы талаптарға сай болу керек", - деді Мүсірепов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Сарапшының айтуынша, шетелде 1-3 проценттік ипотекалар бар. Ал "әлеуметтік осал топтар" деген түсінік жоқ. Барлығына бірдей проценттік мөлшерлеме белгіленген. Жергілікті билік табысы төмен азаматтарға көмектесіп отырады."Біз де сондай жүйеге келсек, бәріне ыңғайлы болатын еді. Қазір Отбасы банкі арқылы бюджет қаржысына салынған тұрғын үйлер таратылады. Бірақ бюджет болсын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болсын, барлығы халықтың ақшасы ғой", - деп атап көрсетті Мүсірепов.Табысқа кері әсер етедіАл экономист Арман Байғанов зейнетақы жинақтарын тек нарықтық шарттармен беру қажет деп санайды. Онсыз қордың табысы өспейді.Осы орайда сарапшы дамыған елдерде жұмыс істейтін жеке меншік зейнетақы жинақтаушы компанияларын мысалға келтірді. Олар мемлекеттік бағдарламалар үшін таласпайды, нарықтық шарттармен ғана ақша береді. Соның арқасында халықтың зейнетақы жинақтарының үстінен жақсы инвестициялық табыс түседі."Бізде жеке меншік басқарушы компаниялар бар. Оған зейнетақы жинағы жеткілітілік шегінен асқан азаматтар өз ақшасын аудара алады. Ондай компаниялардың инвестициялық табысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жоғары. Себебі олар салымшылардың ақшасын нарықтық шарттармен ғана береді. Білуімше, былтыр жылдық табысы 13-15 процент болған. Бұл инфляциядан жоғары, депозиттермен бірдей болып тұр", - деді Байғанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471655_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4cb0386efbd1f59202c1047f2fd54792.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
ипотека, депутаттар
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мәжілісте 7 проценттік жаңа ипотекалық бағдарламаны енгізу мәселесі көтерілді. Депутаттар оны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысына іске асыруды ұсынып отыр.
Осылайша, халықтың ақшасын шетелдегі құнды қағаздарға емес, отандық тұрғын үй нарығына салып, қайтарылған ақшаға зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысын арттыруға болады дейді. Ал кредиттің мөлшерлемесі 7 проценттен аспайды.
Sputnik Қазақстан тілшісі жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысты сарапшылардың пікірін жазып алды.
Депутаттардың ұсынысы қандай?
Мәжілісмен Ерлан Стамбековтың айтуынша, бүгінде зейнетақы қорындағы қаражаттың инвестициялық табысы 3-4 процентті құрап отыр. Ал 7 проценттік ипотекамен халыққа таратқан жағдайда 12-13 проценттік табыс түседі. Сонда ипотека алатын жастар болашақ зейнеткерлердің, яғни, өз ата-анасының ақшасын көбейтеді.
"Осы бастаманы Отбасы банкі арқылы іске асырған жөн. Оған шамамен 1 трлн теңге қажет болады. Ал мемлекет бюджет қаржысын құрылысқа салмай, проценттік мөлшерлемені субсидиялап отырса болды. Оған 50-60 млрд теңге кетеді", - дейді Стамбеков.
Оның айтуынша, 7 проценттік ипотекамен баспана кезегінде тұрған мыңдаған адамның тұрғын үй мәселесін шешуге болады. Осы бастаманы бір топ депутат қолдап отыр. Үкімет басшысына тағы бір ресми сауал да жолдады.
Барлығына бірдей жағдай жасау керек
Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов депутаттардың ұсынысын қолдап отыр. Бірақ ондай бастама барлығына тиімді болуы керек.
"Иә, бірыңғай зейнетақы қорының ақшасы шетелге кетпей, өзімізде қалып, халыққа жұмыс істесе жақсы ғой. Бірақ проценттік мөлшерлемені субсидияласа, онда баспана кезегінде тұрған азаматтармен шектелмей, барлық халықтың кредитін субсидияласын. Ал бәрін Отбасы банкіне салса, басқалар қалып қояды. Қазіргі кезде бұл банк субсидияланған ипотекалық кредиттер саласында монополист болып кетті. Ол жақта кредитті жайдан-жай бере салмайды, арнайы бағдарламалары бар. Сондағы талаптарға сай болу керек", - деді Мүсірепов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Сарапшының айтуынша, шетелде 1-3 проценттік ипотекалар бар. Ал "әлеуметтік осал топтар" деген түсінік жоқ. Барлығына бірдей проценттік мөлшерлеме белгіленген. Жергілікті билік табысы төмен азаматтарға көмектесіп отырады.
"Біз де сондай жүйеге келсек, бәріне ыңғайлы болатын еді. Қазір Отбасы банкі арқылы бюджет қаржысына салынған тұрғын үйлер таратылады. Бірақ бюджет болсын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болсын, барлығы халықтың ақшасы ғой", - деп атап көрсетті Мүсірепов.
Ал экономист Арман Байғанов зейнетақы жинақтарын тек нарықтық шарттармен беру қажет деп санайды. Онсыз қордың табысы өспейді.
"Мәселені зейнетақы жинақтарының есебенін шешеміз деген дұрыс емес. Мемлекет субсидия жасаймын деп, нарықтық қарым-қатынастарға араласады, ал нарық бәрін өзі реттеуі керек. 7 процент дейді, бұл инфляция деңгейінен де төмен. Бұның бәрі зейнетақы жүйесіне түсетін табысқа кері әсер етеді. Меніңше, зейнетақы қорындағы ақшаны тек нарықтық шарттармен беру керек", - дейді Байғанов.
Осы орайда сарапшы дамыған елдерде жұмыс істейтін жеке меншік зейнетақы жинақтаушы компанияларын мысалға келтірді. Олар мемлекеттік бағдарламалар үшін таласпайды, нарықтық шарттармен ғана ақша береді. Соның арқасында халықтың зейнетақы жинақтарының үстінен жақсы инвестициялық табыс түседі.
"Бізде жеке меншік басқарушы компаниялар бар. Оған зейнетақы жинағы жеткілітілік шегінен асқан азаматтар өз ақшасын аудара алады. Ондай компаниялардың инвестициялық табысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жоғары. Себебі олар салымшылардың ақшасын нарықтық шарттармен ғана береді. Білуімше, былтыр жылдық табысы 13-15 процент болған. Бұл инфляциядан жоғары, депозиттермен бірдей болып тұр", - деді Байғанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.