Венгрия Қазақстанда тұқым өндіретін зауыт құруды жоспарлап отыр

© Sputnik / Медиабанкке өтуПосевная
Посевная - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Венгрияның төтенше және өкілетті Елшісі Отто Иван Ронмен кездесті.
Венгрия делегациясының құрамына Венгрия Елшілігінің сауда кеңесшісі Золтан Нитрай, Құрметті консул, "LAC Holding" президенті Ласло Хорват, Президенттің кеңесшілері Питер Мишкуца және Лайош Очай кірді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда тұқым шикізатын қайта өңдеу жөніндегі тұқым зауытын, мал шаруашылығына қажетті жемшөп базасын өндіру жөніндегі үлгілі шаруашылықтарды, аграрлық саланы дамыту үшін қазақ-Венгрия бірлескен қорын құру мәселелерін талқылады. Айдарбек Сапаров Венгрия тарапымен басқа да басым бағыттарда ынтымақтасуға дайын екендігін атап өтті.
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық біз үшін үлкен қызығушылық тудырады. Инвесторларға жан - жақты қолдау көрсетіледі", - деді министр.
"LAC Holding" компаниясының президенті Ласло Хорват Ауыл шаруашылығын дамытудағы өзара іс-қимыл жоспарлары туралы хабарлады.
Атап айтқанда, ҚР АШМ Венгрия ауыл шаруашылығы университетімен тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Осы жұмыс аясында Венгр агроном мамандары қазақстандық аграршылармен өз білімдері мен жетістіктерімен бөліседі.
Жаңалықтар
0