https://sputnik.kz/20240917/ukraina-askerinin-kursk-oblysyna-shabuylyna-nato-nyn-qatysy-zhoq--stoltenberg-47155321.html
Украина әскерінің Курск облысына шабуылына НАТО-ның қатысы жоқ – Столтенберг
Украина әскерінің Курск облысына шабуылына НАТО-ның қатысы жоқ – Столтенберг
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. НАТО және жекелеген одақтастар Украинаға консультациялық қызмет көрсетеді, украин әскерін даярлайды және қару-жарақпен... 17.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-17T10:39+0500
2024-09-17T10:39+0500
2024-09-17T12:26+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/638/74/6387463_386:0:3194:1580_1920x0_80_0_0_eacff5b23c71f2658bb2b9aec7ba33b7.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. НАТО және жекелеген одақтастар Украинаға консультациялық қызмет көрсетеді, украин әскерін даярлайды және қару-жарақпен қамтамасыз етеді, бірақ Украина қарулы күштеріне қолбасшылық етпейді. Бұл туралы блоктың бас хатшысы Йенс Столтенберг америкалық Foreign Policy басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.Сұхбат FP сайтында тікелей эфирде көрсетілді.Бұған дейін Ресей сыртқы барлау қызметінің баспасөз бюросы Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск аймағындағы операциясы АҚШ, Ұлыбритания және Польша барлау қызметтерінің қатысуымен дайындалғанын хабарлаған. Сыртқы барлау қызметінің хабарлауынша, НАТО елдері де Украина әскерилеріне операция аймағына Ресей әскерінің шоғырланған орны туралы спутниктік барлау мәліметтерін беруде.Тамыз айының соңында ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ЕО спутниктік орталығына (SatCen) арналған мақаласында SatCen Украинадағы қақтығыс туралы деректер мен карталарды ұсынатынын мойындады.Украина қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылынан кейін президент Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.Кейінірек Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудің қақтығысты реттеу туралы бітімгершілік ұсыныстары жойылмағанын, бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/638/74/6387463_545:0:3276:2048_1920x0_80_0_0_7cc89175eb8d9a450d43a6dd9919d3b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. НАТО және жекелеген одақтастар Украинаға консультациялық қызмет көрсетеді, украин әскерін даярлайды және қару-жарақпен қамтамасыз етеді, бірақ Украина қарулы күштеріне қолбасшылық етпейді. Бұл туралы блоктың бас хатшысы Йенс Столтенберг америкалық Foreign Policy басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Сұхбат FP сайтында тікелей эфирде көрсетілді.
"НАТО және одақтастар Украинаға үлкен көмек көрсетуде, біз оларға кеңес береміз, дайындаймыз, бірақ біз украин әскеріне қолбасшылық етпейміз. Мұндай күрделі шешімдерді украиналықтар өздері қабылдауы керек", - деді бас хатшы.
Бұған дейін Ресей сыртқы барлау қызметінің баспасөз бюросы Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск аймағындағы операциясы АҚШ, Ұлыбритания және Польша барлау қызметтерінің қатысуымен дайындалғанын хабарлаған. Сыртқы барлау қызметінің хабарлауынша, НАТО елдері де Украина әскерилеріне операция аймағына Ресей әскерінің шоғырланған орны туралы спутниктік барлау мәліметтерін беруде.
Тамыз айының соңында ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ЕО спутниктік орталығына (SatCen) арналған мақаласында SatCen Украинадағы қақтығыс туралы деректер мен карталарды ұсынатынын мойындады.
Украина қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылынан кейін президент Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Кейінірек Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудің қақтығысты реттеу туралы бітімгершілік ұсыныстары жойылмағанын, бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.