Қазақстанға қай жақтан турист көп келеді – үздік бес елдің тізімі

© Photo : РОСО МЧССпасение туристки из Кореи в горах Алматы
Спасение туристки из Кореи в горах Алматы
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанға туристердің басым бөлігі бес елден келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы қаңтар-маусым аралығында елімізге 566,5 мың шетелдік турист келіп кеткен. Бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп.
"Қазақстанға келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Мысалы, жақын көршілерден бөлек, Қазақстанға мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастады", - дейді министрлік мамандары.
Туристердің басым бөлігі келетін мемлекеттер:
Ресей (186 001 мың турист)
Қытай (69 918 турист)
Үндістан (53 695 турист);
Түркия (30 312 турист);
АҚШ (19 597турист);
Жаңалықтар
0