Астанада кезекте тұрғандарға баспана беріледі

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2024
Жазылу
Тұрғын үйлер Қорғалжын тас жолы, Нұрғиса Тілендиев даңғылы мен Астана-Қарағанды тас жолында орналасқан
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада 23 қыркүйекте баспана кезегінде тұрған азаматтар арасында жалдамалы үйге өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Барлық пәтер сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Олар әлеуметтік осал топтардың арасында үлестіріледі, әрбір топқа нақты пәтерлердің саны да белгіленіп отыр:
көпбалалы отбасылар – 223 пәтер (соның ішінде 69 пәтер өткен кезеңнің көлемі);
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 154 пәтер;
халықтың әлеуметтік осал топтары бойынша басқа санаттар – 458 пәтер.
Өтінімдер birge.astana.kz порталында 23 қыркүйек күні сағат 09: 00-де басталып, 7 қазанда кешкі 18.00-де аяқталады.
Тұрғын үйлер Қорғалжын тас жолы, Нұрғиса Тілендиев даңғылы мен Астана-Қарағанды тас жолында орналасқан.
"Қатысушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасы құрамы ескеріледі. Қатысуға өтінімдерді кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді", - дейді әкімдік мамандары.
Айта кетері, толық ақпаратты Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан табуға болады.
Жаңалықтар
0