Алаяқ науқас балалардың еміне жиналған 32 млн теңгені қалтаға басқан

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматы полициясы 32 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқты ұстады. Ол әлеуметтік желіде науқас балалардың суретін жариялап, азаматтардан ақша жинаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен әлеуметтік желіде парақша ашқан.

"Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды", – деп мәлімдеме берді Алматы облысы ПД.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
0