Жыл басынан бері зейнетақыға 2,4 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 488,6 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 405 мың адам.
Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 872 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 275 теңге, базалық зейнетақы – 42 597 теңге.
"Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ке артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85%-ін құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% болады", - дейді ведомство.
Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Жаңалықтар
0