Түркістан облысында анасы мен қызын аяусыз өлтіріп кетті

© Sputnik/Ертай СарбасовДетишки-попрошайки носят с собой объявления с номером телефона, привязанным к счету в банке
Детишки-попрошайки носят с собой объявления с номером телефона, привязанным к счету в банке - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Түркістан облысында анасы мен оның кәмелетке толмаған қызы аяусыз өлтірілді.
Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
"Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", - деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.
Әзірге толық ақпарат жоқ, ал қыз қайтыс болғанға дейін зорланған деген қауесеттерге полиция зорлау фактісі болған жоқ деп жауап берді.
Күдіктінің мұғалім болып істегені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Облыстық білім басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Келес ауданында болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарынына байланысты өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. Ресми жауапты құзырлы органдар береді. Білім басқармасы тарапынан “Күдікті” деп танылған азаматтың білім саласында қызмет етпейтінін мәлімдейміз", - деді ведомство.
Жаңалықтар
0