"Қазақстан – Германия" бизнес форумы аясында бірқатар құжатқа қол қойылды

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги Казахстана и Германии
Флаги Казахстана и Германии - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Канцлері Олаф Шольц қатысқан бизнес форум аясында төмендегідей қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
1.Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Германия экономикасы Шығыс комитеті арасындағы Техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Германия бастамаларының Жол картасы;
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Svevind Energy компаниясы арасындағы "Жасыл сутегі" жобасына байланысты зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
3. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Siemens" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы өзара түсіністік туралы стратегиялық меморандум;
4. "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен "Siemens Central Asia" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім;
5. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен "SKYHANSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы Халықаралық жүк және жолаушылар әуежайының құрылысы бойынша жобаны бірлесіп іске асыру жөніндегі негізгі келісім;
6. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "HORSCH Maschinen GmbH" арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
7. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "KfW Bankengruppe" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "CLAAS Global Sales GmbH" арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
9. "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" РМК және ГФР Геоғылымдар мен табиғи ресурстардың федералдық институты (BGR) арасындағы ниет туралы меморандум;
10."Қазақстан даму банкі" АҚ мен Deutsche Bank арасындағы мандаттық хат;
11. "Qazaq Kalium Ltd." АҚ және KfW Bankengruppe, Euler Hermes Group арасындағы "Батыс Қазақстан облысындағы "Сәтімола" кен орны базасындағы калий тұздары мен бор қышқылын өндіретін байыту-өндірістік кешенін салу" жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
12. "Агромашхолдинг" АҚ және Amazonen-werke h. Dreyer Se & Co.Kg. арасындағы Қостанай облысында "Condor" сепкіштерін бірлесіп өндіру бойынша жобаны іске асыру жөніндегі келісім.
Сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасы делегациясының сапары шеңберінде екі елдің түрлі орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, бизнес құрылымдары арасында 23 құжатқа қол қойылды.
Жаңалықтар
0