https://sputnik.kz/20240916/milliondap-qarzhy-zhymqyrgan-bukhgalter-turkiyadan-ekstraditsiyalandy-47119481.html
Миллиондап қаржы жымқырған бухгалтер Түркиядан экстрадицияланды
Миллиондап қаржы жымқырған бухгалтер Түркиядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатты заңсыз иемденген 16.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-16T09:27+0500
2024-09-16T09:27+0500
2024-09-16T09:27+0500
түркия
https://sputnik.kz/img/old/918/15/9181543_0:62:1205:739_1920x0_80_0_0_fd14f727f1a1b232598776422fa72283.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Түркиядан бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденді деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатты заңсыз иемденген.Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.Осы жылдың тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді.Қазіргі уақытта аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/918/15/9181543_68:0:1135:800_1920x0_80_0_0_222c92272cffd3c3dc825220861a2e9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия
Миллиондап қаржы жымқырған бухгалтер Түркиядан экстрадицияланды
Ол жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатты заңсыз иемденген
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Түркиядан бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденді деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматын экстрадициялады", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатты заңсыз иемденген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.
Осы жылдың тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді.
Қазіргі уақытта аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.