Астанада көпбалалы отбасылар биатлоннан сайысқа түсті

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыАстанада көпбалалы отбасылар биатлоннан сайысқа түсті
Астанада көпбалалы отбасылар биатлоннан сайысқа түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
Биатлон спортынан 5 ауданнан жиналған 21 отбасының арасында бәсеке өтті
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы көмектесіп жүрген көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға арналған "Отбасы – жан қазынасы" атты спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Қазіргі сәтте "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында 418 отбасыға көмектесіп жүр. Оларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бүгінгі "Отбасы күніне" арналған іс-шарамыз да қолдаудың бір түрі ретінде саналады", - деді "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының басшысы Бақтияр Айтпаев.
Осынау күнге орай, Орталық саябақта жақын арада ғана ашылған Биатлон спортынан 5 ауданнан жиналған 21 отбасының арасында бәсеке өтті.
"Кей отбасылар биатлон деген спортты бірінші рет естуі де мүмкін. Бүгінгі іс-шара арқылы жаңа спорт түрімен таныстырып, тұрғындардың ой-өрісін кеңейтеміз. Бәлкім, бүгінгі іс-шара арқылы бала өзінің бойындағы талантын ашуы мүмкін. Әрі спорт секцияларының қолжетімді екенін көрсетеміз. Екіншіден, спорттық бәсекеде ата-анамен бала жақсы тіл табысып, өзара түсіністігі артады. Үшіншіден, демалыс күні отбасыларымыз қаламыздағы көркем жерлеріміздің бірі Орталық саябақта керемет эмоция алады", - деді жарыс ұйымдастырушысы Зульфия Садвакасова.
Айта кетсек, "Жанұя"отбасы институтын қолдау орталығы 2019 жылдың тамызында ашылған.
Сайыс ережесі бойынша бір отбасыдан 2 адам өнер көрсетіп, әр қатысушы 800 метр жүгіріп, 10 мәрте нысананы көздеп атты.
Шара соңында барлық отбасының арасында жеңімпаздар арнайы кубок, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жаңалықтар
0