1-4 градус үсік жүреді: синоптиктер 17 қыркүйектегі ауа райын болжады

© PhotoЗаморозки, иллюстративное фото
Заморозки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 17 сәуірдегі ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі және таңертеңгі уақыттарында тұман күтіледі.
Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-4 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе облысында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақаталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтар
0