https://sputnik.kz/20240915/su-tasqyny-soltustik-qazaqstanda-uylerdin-qurylysy-tolyqtay-ayaqtaldy-47112873.html
Су тасқыны: Солтүстік Қазақстанда үйлердің құрылысы толықтай аяқталды
Су тасқыны: Солтүстік Қазақстанда үйлердің құрылысы толықтай аяқталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарды жаңа және жөндеуден өткен... 15.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-15T19:18+0500
2024-09-15T19:18+0500
2024-09-15T19:18+0500
солтүстік қазақстан облысы
су тасқыны
баспана
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0f/47110690_0:0:1396:785_1920x0_80_0_0_3f4d2e73f6719820504d360008fff135.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарды жаңа және жөндеуден өткен баспанаға орналастырды.Солтүстік Қазақстанда барлығы 1394 үй сатып алынып, 1899 баспана күрделі жөндеуден өтті. Петропавлда 700 үй салынып, жаңа "Бірлік" шағынауданы құрылды.Бүгін мұнда тағы 173 үйдің құрылысы аяқталды. Кілттерді салтанатты түрде тапсыру рәсіміне премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты.Бүгінде жаңа "Бірлік" шағынауданында Kaspi балабақшаның құрылысына демеушілік етті, 600 орындық мектеп салу жоспарлануда.Жақында ықшамауданға асфальт төселіп, автобус қатынайтын болады."Бүгін мен көптен күткен үйдің кілтін алдым. Өте қуаныштымын. Қиын болды. Бірақ соңына дейін шыдадық. Президентке, біздің мемлекетке, әкімдікке және құрылысшыларға алғыс айтамын. Барлығы осында күндіз-түні жұмыс істеп, үйлерді тез арада тұрғызды. Мен Ойқалада тұратынмын, енді жаңа үйде жаңа өмір бастап, мал мен бақшам болады", — дейді Алима Жаманкөзова."Бүкіл Қазақстанға көмек пен қолдау үшін рақмет айтамын. Бұған дейін Заречный кентінде көпбалалы отбасымен 70 шаршы метрлік үйде тұрғанбыз. Енді біздің кең әрі жарық үйіміз бар. Бүгін бәріміз өте қуаныштымыз", — дейді "Бірлік" шағынауданының тұрғыны Дәурен Хамзин.Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірге су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары жаңа және жөндеуден өткен үйлеріне толығымен қоныстанды.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0f/47110690_175:0:1222:785_1920x0_80_0_0_bb3a40f2b19c9eeccd27cfbefdfee996.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, су тасқыны, баспана
солтүстік қазақстан облысы, су тасқыны, баспана
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарды жаңа және жөндеуден өткен баспанаға орналастырды.
Солтүстік Қазақстанда барлығы 1394 үй сатып алынып, 1899 баспана күрделі жөндеуден өтті. Петропавлда 700 үй салынып, жаңа "Бірлік" шағынауданы құрылды.
Бүгін мұнда тағы 173 үйдің құрылысы аяқталды. Кілттерді салтанатты түрде тапсыру рәсіміне премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты.
"Төзімділік танытқан тұрғындарға және қалпына келтіруге атсалысқан барлық бизнес өкілдеріне алғыс айтамын. Олар — „Қазақстан халқына“ қорының басқарма төрағасы Жәмішев Болат Бидахметұлы, Kazakhmys корпорациясының дректорлар кеңесінің төрағасы Огай Эдуард Викторович, Kaspi компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ким Вячеслав Константинович, KAZ Minerals Management директорлар кеңесінің төрағасы Олег Николаевич Новачук. Сіздер болмасаңыздар, біз мұндай ауқымды құрылысты 3,5 айда бітіре алмас едік", — деді премьер-министрдің орынбасары.
Бүгінде жаңа "Бірлік" шағынауданында Kaspi балабақшаның құрылысына демеушілік етті, 600 орындық мектеп салу жоспарлануда.
Жақында ықшамауданға асфальт төселіп, автобус қатынайтын болады.
"Бүгін мен көптен күткен үйдің кілтін алдым. Өте қуаныштымын. Қиын болды. Бірақ соңына дейін шыдадық. Президентке, біздің мемлекетке, әкімдікке және құрылысшыларға алғыс айтамын. Барлығы осында күндіз-түні жұмыс істеп, үйлерді тез арада тұрғызды. Мен Ойқалада тұратынмын, енді жаңа үйде жаңа өмір бастап, мал мен бақшам болады", — дейді Алима Жаманкөзова.
"Бүкіл Қазақстанға көмек пен қолдау үшін рақмет айтамын. Бұған дейін Заречный кентінде көпбалалы отбасымен 70 шаршы метрлік үйде тұрғанбыз. Енді біздің кең әрі жарық үйіміз бар. Бүгін бәріміз өте қуаныштымыз", — дейді "Бірлік" шағынауданының тұрғыны Дәурен Хамзин.
Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірге су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындары жаңа және жөндеуден өткен үйлеріне толығымен қоныстанды.