https://sputnik.kz/20240915/nato-kievke-komek-korsetudi-uylestiru-missiyasyn-qurumen-aynalysuda-47091909.html
НАТО Киевке көмек көрсетуді үйлестіру миссиясын құрумен айналысуда
НАТО Киевке көмек көрсетуді үйлестіру миссиясын құрумен айналысуда
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. НАТО Әскери комитетінің басшысы Роб Бауэр альянстың Германиядағы штаб-пәтерімен Украина әскерилеріне әскери көмек көрсету және... 15.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-15T09:52+0500
2024-09-15T09:52+0500
2024-09-15T09:52+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
нато
германия
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:199:2932:1848_1920x0_80_0_0_0ec5322e5b3b7425749e4e7b4fd961fb.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. НАТО Әскери комитетінің басшысы Роб Бауэр альянстың Германиядағы штаб-пәтерімен Украина әскерилеріне әскери көмек көрсету және оқытуды үйлестіру үшін арнайы қолбасшылық құру жұмысын жалғастырып жатқанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.Оның айтуынша, бұл НАТО-ға Киевке әскери көмек көрсетуді үйлестіруде маңыздырақ рөл атқаруға мүмкіндік береді. Әскери көмек пен украин әскерін даярлауды үйлестіретін арнайы қолбасшылық құру туралы шешім шілде айында АҚШ-та өткен НАТО саммитінде қабылданды. Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу реттеуге кедергі келтіреді және НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындаумен қақтығысқа тікелей қатысып отыр.
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нато, германия
НАТО Киевке көмек көрсетуді үйлестіру миссиясын құрумен айналысуда
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. НАТО Әскери комитетінің басшысы Роб Бауэр альянстың Германиядағы штаб-пәтерімен Украина әскерилеріне әскери көмек көрсету және оқытуды үйлестіру үшін арнайы қолбасшылық құру жұмысын жалғастырып жатқанын айтты, деп хабарлады
РИА Новости.
"Біз Украина әскеріне әскери көмек көрсету мен украиналық әскерилерді даярлауды үйлестіру бойынша арнайы миссияны іске қосу бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз, бұл жұмыстар Германиядағы қолбасшылықты, альянстың шығыс қанатының аумағындағы логистикалық хабты қамтиды. Бұған жеті жүзге жуық адам тартылады", - деді Бауэр Прагада альянстың әскери комитеті отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұл НАТО-ға Киевке әскери көмек көрсетуді үйлестіруде маңыздырақ рөл атқаруға мүмкіндік береді.
Әскери көмек пен украин әскерін даярлауды үйлестіретін арнайы қолбасшылық құру туралы шешім шілде айында АҚШ-та өткен НАТО саммитінде қабылданды.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу реттеуге кедергі келтіреді және НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындаумен қақтығысқа тікелей қатысып отыр.