https://sputnik.kz/20240914/olzhas-bektenov-shymkenttegi-nysanardyn-zhumysymen-tanysty-47083916.html
Олжас Бектенов Шымкенттегі нысандардың жұмысымен танысты
Олжас Бектенов Шымкенттегі нысандардың жұмысымен танысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан премьер-министрі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ... 14.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-14T11:35+0500
2024-09-14T11:35+0500
2024-09-14T13:38+0500
олжас бектенов
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0e/47083562_0:161:3070:1888_1920x0_80_0_0_67483f2f4833023bd0db7c9ec1f4ae72.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан премьер-министрі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. "Химфарм" фармацевтикалық зауытының аумағында Үкімет басшысына өндірістік қуаттар жыл сайын 1 млрд бірлікке дейін дәрі-дәрмек, капсула, 250 млн ампула инъекциялық ерітінді және басқа өнім шығаруға мүмкіндік беретіні баяндалды. Фармацевтикалық кәсіпорын 89 аталым бойынша дәрілік заттарды жеткізеді. Бектенов Шымкенттің Алтынтөбе елді мекеніндегі "Алан және Компания" джем мен шырын өндіретін кәсіпорнына барған кезде зауыт сағатына 7 тоннаға дейін көкөніс пен жемістерді өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталғаны баяндалды. Жұмыс сапары барысында үкімет басшысы The Coca-Cola Company сауда белгілері бар алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауытпен танысты. Премьер-министр бизнесті қолдаудың қолданыстағы шараларының тиімділігі мен нақтылығын одан әрі күшейтудің маңызына назар аударды. Өз кезегінде бизнестен экологияны қорғауға, мектептер мен балабақшаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды абаттандыруға, жаңғыртуға үлес қосатын әлеуметтік жауапкершілік күтіледі.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0e/47083562_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_22b0be3ceba386ccbc37fa3acd944a22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, шымкент
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан премьер-министрі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Химфарм" фармацевтикалық зауытының аумағында Үкімет басшысына өндірістік қуаттар жыл сайын 1 млрд бірлікке дейін дәрі-дәрмек, капсула, 250 млн ампула инъекциялық ерітінді және басқа өнім шығаруға мүмкіндік беретіні баяндалды. Фармацевтикалық кәсіпорын 89 аталым бойынша дәрілік заттарды жеткізеді.
Бектенов Шымкенттің Алтынтөбе елді мекеніндегі "Алан және Компания" джем мен шырын өндіретін кәсіпорнына барған кезде зауыт сағатына 7 тоннаға дейін көкөніс пен жемістерді өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталғаны баяндалды.
Жұмыс сапары барысында үкімет басшысы The Coca-Cola Company сауда белгілері бар алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауытпен танысты.
"Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге экономиканың құрылымын өзгерту мәселесіне ерекше назар аударуды, еліміздің орнықты ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тетіктерді қарастыруды тапсырды. Жеке инвестицияларды тарту маңызды. Жаңа кәсіпорындар ашылады, өйткені бұл экономикалық тұрғыдан тиімді. Сонымен бірге өнеркәсіптің әлеуетін одан әрі ашу қажет. Біздің алдымызда өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, бастапқы өндірістен жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға көшу міндеті тұр. Үкімет өз кезегінде инвесторларға ел экономикасы үшін маңызды жобаларды іске асыруда қолдау көрсетеді", — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр бизнесті қолдаудың қолданыстағы шараларының тиімділігі мен нақтылығын одан әрі күшейтудің маңызына назар аударды. Өз кезегінде бизнестен экологияны қорғауға, мектептер мен балабақшаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды абаттандыруға, жаңғыртуға үлес қосатын әлеуметтік жауапкершілік күтіледі.