Таза, әдемі және ақкөңіл адамдар: шетелдіктер Астана туралы әсерлерімен бөлісті
© AP Photo Суд по делу Бишимбаева
© AP Photo
Жазылу
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Шетелдік қонақтар Қазақстан астанасына өздерінің кумирі Димаш Құдайбергеннің концертіне ұшып келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Кубалық қонақ Нилс Суарез Астанаға алғаш рет келген.
"Өте қуаныштымын. Қала өте әдемі екен. Біз қаланы аралап жүрміз. Мен мұнда болғаныма ризамын. Мұндағы адамдар өте мейірімді. Барлығының адаммен жатсынбай сөйлесуі ұнады", - деді ол.
© Астана қаласының әкімдігіШетелдіктер Астана туралы өз әсерлерімен бөлісті
Шетелдіктер Астана туралы өз әсерлерімен бөлісті
Димаштың концертіне Астанаға АҚШ-тан ұшып келген Джиджи Уильямс Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызығушылық танытты.
"Бұл керемет сапар болды, концертте болғаныма да қуаныштымын. Мен үшін көшпенділер ойындары да қызықты болды. Әртүрлі мәдениеттерді көру керемет тәжірибе. Бүгін мен Астананы аралап, экскурсия жасадым. Жергілікті қызбен тамаша экскурсия болды. Көргенімнің бәрі тамаша әсер берді. Адамдардың иттермен серуендеп, жүгіріп жүргенін көру де ғанибет екен. Мұнда бәрі өте таза әрі әдемі екен", - деді ол.
© Астана қаласының әкімдігіШетелдіктер Астана туралы өз әсерлерімен бөлісті
Шетелдіктер Астана туралы өз әсерлерімен бөлісті
АҚШ-тан келген тағы бір шетелдік қонақ Джоанна Пэпэндру Астанада алғаш рет болғанмен, бұл оның Қазақстанға жасаған алғашқы сапары емес екен. Бұған дейін ол Димаштың Алматыда өткен концертіне қатысыпты. Оның айтуынша, Астана оны тазалығымен, ашықтығымен және кеңдігімен таң қалдырған.
"Өте жақсы сәулет, серуендеу кезінде өте әдемі ғимараттарды көрдім. Көшелердегі адамдар да өте мейірімді, жылы шырайлы екен. Қазақстанды көру үшін алыстан келген шетелдіктерді көргеніме де қуаныштымын", - деп қосты ол.

Джоанна бес жылдан бері Димаштың жанкүйері екен. Ол әншінің қазақ тіліндегі көптеген әндері сүйіп тыңдайтынын айтады.
"Самалтау", "Дайдидау", "Махаббат бер маған" сияқты оның көптеген қазақ тіліндегі әндерін жақсы көремін. Бұл өте эмоционалды және терең әндер", - деді ол.
"Самалтау", "Дайдидау", "Махаббат бер маған" сияқты оның көптеген қазақ тіліндегі әндерін жақсы көремін. Бұл өте эмоционалды және терең әндер", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам спортшы қатысты.
© Астана қаласының әкімдігіШетелдіктер Астана туралы өз әсерлерімен бөлісті
Шетелдіктер Астана туралы өз әсерлерімен бөлісті
2024 жылғы 14 қыркүйекте Астанада 4 Этноауылда: "Қазақ елі" монументінің аумағы, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Концерттік бағдарламалар сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
Концерттік бағдарламаға Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ белгілі өнер қайраткерлері мен отандық эстрада жұлдыздары қатысады.