https://sputnik.kz/20240913/maynerler-3-audan-ortalygy-tutynatyn-kolemde-elektr-energiyasyn-paydalangan-47066460.html
Майнерлер 3 аудан орталығы тұтынатын көлемде электр энергиясын пайдаланған
Майнерлер 3 аудан орталығы тұтынатын көлемде электр энергиясын пайдаланған
Sputnik Қазақстан
Заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады 13.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-13T10:00+0500
2024-09-13T10:00+0500
2024-09-13T10:00+0500
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/281/40/2814087_0:0:4737:2665_1920x0_80_0_0_5ca0420948af0ad210a8a9d2e6d604c7.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолын кесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен "Bitcoin" қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды.Заңсыз "майнерлер" 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген.Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген "Bitcoin" түскен криптобиржадағы аккаунттарды анықтады.Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады.Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне және криптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/281/40/2814087_0:0:4193:3144_1920x0_80_0_0_4b65b1f45f04cc8c31939da2d9d0e9fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Майнерлер 3 аудан орталығы тұтынатын көлемде электр энергиясын пайдаланған
Заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолын кесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен "Bitcoin" қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды.
Заңсыз "майнерлер" 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген.
Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.
Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген "Bitcoin" түскен криптобиржадағы аккаунттарды анықтады.
Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне және криптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды.