https://sputnik.kz/20240913/bilim-beru-uyymdarynda-qauipsizdik-sabagy-otkiziledi-47069584.html
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік сабағы өткізіледі
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік сабағы өткізіледі
Sputnik Қазақстан
Қауіпсіздік сабағы балабақшаларда да енгізілді. Ал мектеп оқушыларына цифрлық сауаттылық негіздері оқытылады 13.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-13T12:58+0500
2024-09-13T12:58+0500
2024-09-13T12:58+0500
оқушы
студент
балабақша
https://sputnik.kz/img/591/96/5919658_0:41:2017:1175_1920x0_80_0_0_1a1de683081f6a1e18f0e7ae4c9377e5.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымында қауіпсіздік сабағы басталды. Бұл сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі, тақырып жылына үш рет қайталанады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.Қауіпсіздік сабақтарында келесі тақырыптарға баса назар аударылады:Балабақшалардағы ересек топтардағы балалар үшін (4 жас): Шұғыл қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін білу, шұғыл қызметке дұрыс қоңырау шалу, өзі туралы негізгі мәліметтерді есте сақтау, терезелерге байланысты қауіптерді ұғыну, сондай-ақ балалар алаңдарында, ойын орталықтары мен аттракциондарда өзін-өзі ұстау ережелерін қалыптастыру.Бастауыш сынып балалары үшін: Су қоймасындағы қауіптер, есікті қағу кезінде қауіпті қалай тануға болады, бейтаныс адамдармен кездескенде қалай әрекет ету керек, мұз үстінде жүр қаупі, өзін-өзі қорғау, виртуалды достықтың қаупі және қаңғыбас иттер кезіккендегі сақтық шаралары.Орта сынып балалары үшін: Қауіпті челленджер тақырыптары бойынша сабақтар, бөтен адамның шақыруын қабылдамау, көшедегі қауіпті нысандардан (мысалы, субұрқақтар, электр қалқандары) аулақ жүру, кибербуллинг және одан қорғану тәсілдері, ата-аналармен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы, интернеттегі қауіптер, сондай-ақ баланың құқықтары мен міндеттері.Жоғары сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін: Алаяқтардың алдауына түспеу және өздерін табыстың күмәнді түрлерінен қорғау, онлайн-ойындардың тәуекелдерінен сақтану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теріс эмоциялар мен сөздерге қатысты дұрыс әрекет ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары, ата-аналарға сенім және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу ережелері.Айта кетері, сабақтар Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/591/96/5919658_99:0:1854:1316_1920x0_80_0_0_4c038f1773ab1d6b56013ae1f9c10410.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, студент, балабақша
оқушы, студент, балабақша
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік сабағы өткізіледі
Қауіпсіздік сабағы балабақшаларда да енгізілді. Ал мектеп оқушыларына цифрлық сауаттылық негіздері оқытылады
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымында қауіпсіздік сабағы басталды. Бұл сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі, тақырып жылына үш рет қайталанады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
"Сабақ балалардың жас ерекшелігі мен даму деңгейін ескере отырып, олардың әртүрлі өмірлік жағдайда өз іс-әрекетіне сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Біздің міндетіміз – балаларға қажетті ақпаратты беріп қана қоймай, түрлі жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету", – деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Қауіпсіздік сабақтарында келесі тақырыптарға баса назар аударылады:
Балабақшалардағы ересек топтардағы балалар үшін (4 жас): Шұғыл қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін білу, шұғыл қызметке дұрыс қоңырау шалу, өзі туралы негізгі мәліметтерді есте сақтау, терезелерге байланысты қауіптерді ұғыну, сондай-ақ балалар алаңдарында, ойын орталықтары мен аттракциондарда өзін-өзі ұстау ережелерін қалыптастыру.
Бастауыш сынып балалары үшін: Су қоймасындағы қауіптер, есікті қағу кезінде қауіпті қалай тануға болады, бейтаныс адамдармен кездескенде қалай әрекет ету керек, мұз үстінде жүр қаупі, өзін-өзі қорғау, виртуалды достықтың қаупі және қаңғыбас иттер кезіккендегі сақтық шаралары.
Орта сынып балалары үшін: Қауіпті челленджер тақырыптары бойынша сабақтар, бөтен адамның шақыруын қабылдамау, көшедегі қауіпті нысандардан (мысалы, субұрқақтар, электр қалқандары) аулақ жүру, кибербуллинг және одан қорғану тәсілдері, ата-аналармен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы, интернеттегі қауіптер, сондай-ақ баланың құқықтары мен міндеттері.
Жоғары сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін: Алаяқтардың алдауына түспеу және өздерін табыстың күмәнді түрлерінен қорғау, онлайн-ойындардың тәуекелдерінен сақтану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теріс эмоциялар мен сөздерге қатысты дұрыс әрекет ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары, ата-аналарға сенім және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу ережелері.
Айта кетері, сабақтар Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде жүргізіледі.